• Валюта бағамы: USD 410.7 | EUR 465.28 | RUB 5.8 | CNY 58.81 |

Б.Сапарбаев Тұрар Рысқұлов ауданыңда

0

Жамбыл облысының әкімі Б.М.Сапарбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен,халықтың хал-ахуалымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды http://spiker.kz


Жұмыс сапары өңірдегі пилоттық жоба аясында жаңа жұмысты қолға алған Құмарық ауылдық округіне қарасты елді мекеннен басталды. Қабырғасы 1991 ж қаланған Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектеп ғимаратының жай-күйімен танысты.

Биылғы жылы күрделі жөндеу жоспарына енген мектеп әкімшілігі мен ұстаздарына білім сапасын арттыру,тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше басымдық беруді тапсырған аймақ басшысы Б.Сапарбаевқа аудандағы білім саласының дамуы мен проблемалар туралы аудан әкімі орынбасары Б.Ә.Әлпеисов баяндады.
Өңір басшысы жергілікті жұртшылықпен кездесіп, толғандырған мәселелер мен сұрақтарына жауап берді. Пилоттық жоба аясында атқарылар жұмыстың маңыздылығына ерекше тоқталды. Ауыл тұрғындары М.Рахимов, Ә.Әміреев, М.Айдаралиев, Р.Абдуллаева сынды азаматтар ұсыныстарын жеткізді.


Мәдениет үйінде аудандағы мәдениет саласындағы шешімін табуы тиіс мәселелер, оның ішінде 6 ауылға мәдениет ошағын соғу, 4 мәдениет мекемесіне күрделі жөндеу жұмысы, 2 мәдениет үйі отқазандығын ауыстыру қажеттілігі туралы айтылды.
Жұмыс сапары аясында Б.М.Сапарбаев Көкдөнен ауылдық округінің тұрғындарымен де кездесіп, аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал, әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын өркендету, кәсіпкерлікті дамыту,балалар мен жастар тәрбиесі, дін мәселесі бойынша пікірлесті.

Пікір қалдыру