• Валюта бағамы: USD 74.02 | EUR 13.66 | RUB 330.49 | CNY 126.94 |

Меркі аудандық мәдениет үйінде Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күніне орай салтанатты кеш өткізілді

0

Меркі аудандық мәдениет үйінде Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күніне орай салтанатты кеш өткізілді, деп хабарлайды http://spiler.kz


Онда аудан әкімі Мейірхан Азатұлы алғысөз сөйлеп, барша қазақстандықтарды, меркіліктерді мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік –экономикалық өсуіне үлес қосып, қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып, қажырлы еңбек еткені үшін бес азаматты «Ауданның Құрметті азаматы» медалімен наградтады.
Әнші, сазгер, музыкатанушы, Меркі жерінің тумасы Бәбіжанова Бағланға ауданның «Құрметті азаматы», меркілік әнші Оңал Азаматоваға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі берілді.
Салтанатты марапаттау сәтінен соң аудан өнерпаздары өз өнерлерін тартулап, жерлес, меркілік әнші Оңал Азаматова «Кел, ағайын Меркіге» әнін тартулады.
Кешке арнайы шақырумен келген ақын Маралтай Райымбекұлы Тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқып, көптің көңілінен шыға білді.

Пікір қалдыру