• Валюта бағамы: USD 409.98 | EUR 462.21 | RUB 5.75 | CNY 58.43 |

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері

0

азақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 — 2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық офисі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, арнайы мониторинг тобы 2018,2019.2020 жылдары жөндеу жұмыстарынан өткен үйлерге зерделеу жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта 2019 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген 8 үйге тексеріс өтті. Соның ішінде 3 үй бойынша, олар: 8 мөлтек ауданы 49 үй (жұмыстың сапасы сын көтермейді, қайта жасап жатыр) , 6 мөлтекауданы 5 үй ( 300 мыңға жуық теңге), 5 мөлтек ауданы 6 үй (3 млн.теңгеден астам ) кемшіліктер анықталған. Анықталған кемшіліктер бойынша акт толтырылды. Мердігер компания өкілдеріне таныстырылып, аз уақыт ішінде қайта қалпына келтіріліп, кемшіліктер жойылатынан келісіп, қол қойды. Жұмыстар қолға алынды.
Біздің мақсат осындай кемшіліктерді анықтап, дер кезінде қалпына келтіріп, тұрғындар қалтасынан төленіп жатқан қаражаттың мақсатты жұмсылуын бақылау. Сапасыз жұмыс пен орындалмаған жұмысқа тұрғындар ақша төлемеуі тиіс. Сондықтан алдын алу жұмыстарын күшейту арқылы келісім шартқа сәйкес әр қызметті жіті бақылауда ұстау жоспарда.

5 мөлтек ауданы 6 үй анықталған кемшіліктер бойынша

Бұл үй жұмыстарын С мердігер компаниясы алған. Келісім шартқа сәйкес жұмыстың құны, 51 158 300 теңге. Мұнда жер төлесі мен үйдің шатыры жөнделуі тиіс болған. 25 маусым 2019 жылы келісім шартқа қол қойылған. Бітіру мерзімі 10 ай. Мердігер 27 желтоқсан күні 2019 жылы жұмысты өткізген. Сырттай бақылау кезінде 3 млн.теңгеден астам кемшілік тұстары анықталды. Нәтижесімен таныстырып, 10 күн ішінде кемшілікті қалпына келтіру міндеттелді. Алдағы уақытта қаржылық басқа да ішкі талдау жүргізілу үшін, тұрғындар шағымын негізге ала отырып, тексеріс жұмыстары жүргізілетін болады

Пікір қалдыру