• Валюта бағамы: USD 76.41 | EUR 13.91 | RUB 325.77 | CNY 133.46 |

Қазақ телевизиясында үздік интеллектуалдық шоу

0

Қыркүйек айының 5-нен бастап әр сенбі-жексенбі сайын «Astana Tv» арнасынан жаңа жоба жарыққа шықты.

«1 минут» танымдық ток шоуы қазақ тілі мен әдебиетін, тарихын насихаттауға бағытталған интеллектуалдық жоба. Бағдарламаға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған тіл мамандары мен тарихшылар, қоғам белсенділері мен өнер саласы қызметкерлерінен құралған жалпы 20 топ — 80 адам қатысып, кіл жүйріктің ішінен нағыз жүйрікті анықтауға тырысады.

«Интеллектуалдық бағдарлама табиғатынан тапсырманы асықпай шешуге арналған жоба болып қалыптасқан. Нақты тақырыпты алған мамандардың белгілі бір сұрақты шешуге жұмсаған уақыттарын экран арқылы көрсету бұрыннан бар дағды. Бірақ ол қазіргі көрерменге қызық емес. Өйткені ХХІ ғасырдың көрермені теледидар алдында бағдарламаны тағытсыздана тосып отырмайды, керісінше керегін ғаламтордан көріп алады. Сол себепті қазір телевизия саласының мамандары көрерменді қайтару үшін тәуліктеп тынбай қызмет қылуда. Сол себепті бізде интеллектуалдық жобаны барынша креативті, таймингке құрылған, нақты дедлайны бекітілген жұп-жұмыр қылып жасауға тырыстық» дейді жоба продюсері Марина Абдулла.

Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық демекші, әр сенбі 14:00, жексенбі 15:00 «Astana Tv»  арнасын қосып, шын мықтыны жобаменен бірге анықтаңыздар. Бағдарлама ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитетіне қарасты Ш.Шаяхметов атындағы Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қолдауымен түсірілгенін атап өтеміз.

Пікір қалдыру