• Валюта бағамы: USD 80.73 | EUR 14.18 | RUB 330.61 | CNY 128.97 |

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — ҚАДІРЛІ ІС

0

Елдің жүгін бірге көтере білу әрбір азаматтың борышы. Ал қайырымдылық жасау — сауапты іс.

Көпбалалы отбасыларға және көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, қоғамымызды мейірімді болуға шақыру мақсатында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «БП Жамбыл бөлімшесі» директорының бірінші орынбасары Айдын Сеитбенбетов өңірдегі бірнеше отбасыға қайырымдылық себетін таратып, қаржылау демеушілік жасады. Сондай ақ, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмір түсіріп берді.

Айдын мырза өз сөзінде әрбір азамат қайрымдылықпен айналысса, адамдарда мұқтаждықтың азаятындығын тілге тиек етіп, жерлестері үшін алдағы уақытта талай қайрымдылық шараларын жасайтындығын жеткізді.

Пікір қалдыру