• Валюта бағамы: USD 448.52 | EUR 490.32 | RUB 5.69 | CNY 63.23 |

ҮЗДІК ПЕДАГОГ АНЫҚТАЛДЫ

0

25 ақпан күні облыстық жасөспірімдер үйінде «Үздік педагог 2020» сайысы ұйымдастырылды.


Педагогтар арасында өткен интеллектуалдық сайысқа 9 педагог қатысып, білімдері мен шығармашылығын сынға салды. Байқау шарттары бойынша қатысушылар латын қаріпі негізінде эссе жазып, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай арнайы тапсырмалар орындады.


Байқауға «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы Жамбыл облыстық ұйымының Біріккен комитеті» филиалының төрағасы Ж.Орынбеков, мекеме директоры Р.Қасымов және аға медбике Г.Кулумбаева әділ қазылық етті.
Нәтижесінде «Үздік педагог 2020» атағына мекеменің тәрбиешісі Ж.Сарыбаева лайық деп танылды.
Сайыс соңында жеңімпаздар диплом және Алғыс хаттармен марапатталды.

Пікір қалдыру