• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Қазақстандықтар саусақ іздері арқылы төлем жүргізетін болады

0

Screenshot_13IT-мамандардан құралған қазақстандық топ жарты жылда IT-компанияға айналып үлгерді. Қазіргі таңда стартап FinPay атты саусақ іздері және көздің сыртқы мөлдір қабығы арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасау жүйесін жасап жатыр. Бұл жөнінде AсеLight компаниясының басқарушы серіктесі Бақытжан Дос мәлімдеді, деп жазады 7kun.kz.
«Жүйе банк картасы немесе есеп шот иесін идентификациялауға мүмкіндік береді. Біз саусақ іздері және көздің сыртқы қабығы секілді мәліметтерді қолдануды жөн көрдік. Өзін жүйе арқылы идентификациялаған адам төлем жасау үшін FinPay орнатылған мекемелердің қызметін қолдана алады. Мәліметтерді сақтау үшін біз қауіпсіз сервермен байланыстырамыз. Бұл жобаны осыған дейінгі төлем жүйелеріне қосымша ретінде қарастырып отырмыз», — дейді Бақытжан Дос.
Бүгінде мамандар саусақ іздерін банк картасымен байланыстырды. Ендігі жұмыс — көздің сыртқы мөлдір қабығы арқылы мәліметтерді талдап, төлем жасауға қол жеткізу.
Бақытжан Достың айтуынша, жобаның 2015 жылдың басындағы бастапқы дербес инвестиция көлемі 7 мың доллар болған. Жұмысты толық аяқтау үшін енді 20 мың доллар керек.
«Ақша күрделі қаржы шығындарына кетіп жатыр. Ал, мамандардың еңбек ақысын өз қалтамыздан төлеп отырмыз. Біздің инженерлер мен құрастырушы-мамандардан құралған топ өте жақсы. Десе де, қосымша көмек қажет», — дейді ол.
Б.Дос идентификациялаудың екі тәсілімен төлем жүргізу прототипі 2015 жылдың қарашасында дайын болады деп жоспарлап отыр. «Осыдан соң барып технологияның коммерциялық нұсқалары туралы ойластырамыз», — дейді кәсіпкер.
Компанияның құрылған кездегі бастапқы капиталы 170 мың теңге болатын. Команда ол ақшаға кеңсе жалдап тұрған. FinPay идеясы да сол кеңседе туындаған. Қаражат тарту үшін топ 5 инновациялық жобаға қатысқан. Жарты жылдың өзінде қазақстандық AсеLight стартапы жеті мобильдік қосымшалар мен архитектурасы күрделі 7 веб-сайт жасаған. Компанияның бағамы бойынша, Қазақстанның IT-нарығында келешегі бар бағыттар: мобильдік қосымшалар, бұлтты технологиялар және автоматтандырылған процестер.

сілтеме

Пікір қалдыру