• Валюта бағамы: USD 319.42 | EUR 400.04 | RUB 5.66 | CNY 50.35 |

Күннен қуат алатын көлік

0

19-04-2016-Elektro mashinaКиелі Түркістанда күннен қуат алатын көлік құрастырылды, деп жазады egemen.kz.

Түркістан қаласында тұра­тын өнертапқыш Ферхад Чайыр күн сәулесінен қуат алатын көлік құрастырып шықты. Өнер­тап­қыштың айтуынша, ерекше көлік ешбір жанар-жағармайды қажет етпейді. Сонымен қатар, шағын машина сағатына 130 шақырымды тоқтамастан жүре алады. Ферхад бұл инновациялық жобаны елімізде өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі үшін арнайы әзірлеген.

– Көшеде жүйткіген шағын көлік көпшілік назарын өзіне еріксіз аударады. Өйткені, айналасы тереземен қапталған машина күн көзімен қуат алатын қондырғы күшімен жүреді. Шағын болғандықтан, орнынан жылдам қозғалады. Сондықтан мұны кейбір темір тұлпарлар қуып жете алмайды, – дейді өнертапқыш. Сондай-ақ, ол: «Бұрын да машина жасадық. Бірақ мына автомобильдің технологиясын жақсы істедік. Тағы жаңадан құрастырсақ, ол бұдан да жақсы болады», – дейді.

Көліктің ішкі салонында сал­қындатқыш пен артқы жағын көрсетіп тұратын монитор орнатылған. Ал айналасына 8 бірдей күн көзінен қуат алатын қондырғы қойылған. Олар батареяны қуаттайды. Көлік сол тоқтың күшімен жүреді. Сондай-ақ, өнертапқыш машинаға қажетті қосалқы бөлшектерді Қытайдан алып келгенімен, өзі ықшамдап жасап алған.

– Табиғи экологиялық таза. 4 ай ішінде құрастырып шықтым. Бензин жемейді. Тек күннен қуат алады, – дейді өнертапқыш.

Айта кетейік, Ферхад Чайыр – Түркістандағы жоғары оқу орнында оқытушы. Сондықтан да күннен қуат алатын көлікті құрас­тыруға ұстаздың шәкірттері де көмек­тес­кен.

 

Пікір қалдыру