• Валюта бағамы: USD 326 | EUR 382.2 | RUB 5.29 | CNY 51.05 |

Джек Ма Азиядағы ең бай адам атанды

0

c9632bfed6a4614620ca18dfb2b17d11Alibaba интернет-сайтының негізін қалаған Джек Ма Азиядағы ең бай адам атанды. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасай отырып 7kun.kz хабарлайды.

Агенттік ақпараты бойынша, Джек Маның байлығы 4,3 млрд долларға артып, 33,3 млрд долларды құраған. Осылайша ол Dalian Wanda компаниясының негізін қалаушы Ван Цзяньлиньнің алдына шықты. Ван Цзяньлиньнің байлығы 32,7 млрд долларға бағаланды. Азиядағы бай адамдардың ішінде үшінші орынды Гонконг кәсіпкері Ли Кашин 29,5 млрд доллар байлықпен иеленді.

 

Пікір қалдыру