• Валюта бағамы: USD 361.66 | EUR 409.51 | RUB 5.41 | CNY 52.36 |

А.Мырзахметов: ЖҚШ кредит алуы үшін міндетті талап — жеке кәсіпкерлігін ашуды рәсімдеу

0

13654158_1629409224054161_625865100268040858_nҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И.Мырзахметов Атырау облысы ауыл шаруашылығының ағымдағы жағдайы және даму перспективалары мәселелері бойынша өткен кеңесте сүт қабылдау пункттері мәселесі назарға алынды.

«Сүт қабылдау пункттерін АШК базасында құру қарастырылады. ЖҚШ кредит алуы үшін міндетті талап — жеке кәсіпкерлігін ашуды рәсімдеу», — деп атап өтті ол.

«КазАгро тарапынан сүт қабылдау пунктіне кредит және лизинг ұсынылатын болады. Яғни, салқындатқыш танкерлер, көмекші жабдықтар, сүт тасығыш автомашина, айналымдық қаражаттар», — деді А.Мырзахметов.

Дегенмен де, оның айтуынша, ауылдық округ әкімдіктері құрылатын кооперативтердің құрылтайшы құжаттарын тіркеуді ұйымдастыру және рәсімдеумен айналысуы керек.

Айта кетейік, бүгін А.И.Мырзахметов жұмыс сапарымен Атырау облысына келген болатын. Мұның алдында министрдің төрағалығымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің Атырау облысы халқымен кездесуі болып өтті.

 

 

Пікір қалдыру