• Валюта бағамы: USD 365.49 | EUR 420.35 | RUB 5.6 | CNY 52.66 |

А.Мырзахметов: Отбасылық бордақылау алаңдарын ашуды ұсынамыз

0

20160723180758Сиыр етінің өндірісінің жалпы көлемі жыл сайын артып отыр, бұл реттегі ЖҚШ үлесі 75%. Қайта өндеуші кәсіпорындардың қуаттылығы 61%-ға жүктелген. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И.Мырзахметов Атырау облысы ауыл шаруашылығының ағымдағы жағдайы және даму перспективалары мәселелері бойынша өткен кеңесте мәлімдеді.

Оның айтуынша, тап осындай маңызды бағыт – бұл отбасылық бордақылау алаңдарын құру.

«Бұл жерде біз 5-15 бас бұқашық сатып алуға көңіл бөлуді және отбасылық бордақылау алаңдарын ашуды ұсынамыз», — деді А.Мырзахметов.

Сондай-ақ министр бордақылау алаңдарын ветеринариялық зертханасы және тоңазытқышы, рефрижератор мен азық цехы қарастырылған орталықтанған сою алаңдарында мал союды ұйымдастыру мақсатында кооперативке біріктіру қарастырылғанын айтты.

«Ұсынылған шараларды жүзеге асыру үшін «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасының бар қаражаттарын және «ҚазАгро» ҰБХ АҚ тартылған қаражаттарын пайдалануды ұсынамыз», — деп түйіндеді А.Мырзахметов.

Осындай шараларды көкөніс және жеміс жидек өндіруде әлеуеті жоғары. Маусымдық қажеттілікті қамтамасыз ету және импорттық тәуелділікті азайту мақсатында жеке қосалқы шаруашылықтарда бау-бақшаны дамыту және жанұялық жылыжайларды салу бойынша жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бүгін А.И.Мырзахметов жұмыс сапарымен Атырау облысына келген болатын. Мұның алдында министрдің төрағалығымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің Атырау облысы халқымен кездесуі болып өтті.

Пікір қалдыру