• Валюта бағамы: USD 319.42 | EUR 400.04 | RUB 5.66 | CNY 50.35 |

Астананың тағы екі көшесіне біржақты қозғалыс енгізіледі

0

 

 20 тамызда ұзындығы 0,99 шақырымды құрайтын (Абай даңғылынан Республика даңғылына дейін) Бөкейхан және Ағыбай батыр көшелерінде біржақты қозғалыс енгізу жоспарланған, деп хабарлады inform.kz.

Еске салайық, 2016 жылдың 28 мамырында және 11 маусымында төмендегі жол учаскелерінде «Біржақты қозғалыс» жобасының екі кезеңі іске асырылды:

—  Әуезов к-сі (Республика даңғылынан Ә. Молдағұлова көшесіне дейін). Учаскенің ұзындығы — 2,9 км;

—  Желтоқсан к-сі (Мәскеу к-сінен Кенесары к-сіне дейін). Учаскенің ұзындығы — 2,0 км;

—  Абай даңғылы (Сарыарқа даңғылынан Пушкин к-сіне дейін). Учаскенің ұзындығы — 4,6 км;

—  Кенесары к-сі (Пушкин к-сінен Сарыарқа даңғылына дейін). Учаскенің ұзындығы — 4,3 км;

—  Янушкевич к-сі (Абай даңғылынан Иманов к-сіне дейін). Учаскенің ұзындығы — 0,7 км.

«Біржақты қозғалыс» жобасын Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасы және Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп іске асыруда. Күн сайын көше-жол желісінің жағдайына мониторинг жүргізіліп, көлік дәліздері жүктемелілігінің деңгейі анықталады.

Жол полициясының қызметкерлері бастапқы кезеңде көлік құралдарының жүргізушілерін аталған учаскелерде жол жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпайды. Сондай-ақ, апаттарды болдырмау үшін Әкімшілік полиция басқармасы мен Жергілікті полиция қызметінің өкілдері он күн бойы жүргізушілерге біржақты көлік қозғалысы ережелерін түсіндіреді. Үстіміздегі жылдың 31 тамызынан бастап айыппұл салына бастайды. Айыппұл мөлшері 5 АЕК құрайды.

Пікір қалдыру