• Валюта бағамы: USD 319.42 | EUR 400.04 | RUB 5.66 | CNY 50.35 |

Израильдік тарихшы Путинмен болған кездесуде Бауыржан Момышұлының сөздерін келтірді

0

20160722210349Израильдік тарихшы, «Яд ва-Шем» (Израиль) Ұлтшылдық құрбандары ұлттық институтының қызметкері Арон Шнеер Кремльде Жалпыұлттық тарихи жиналыста Владимир Путинмен болған кездесуде Бауыржан Момышұлының сөздерін келтірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

«1946 жылы иврит тіліне Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабы аударылды. Жаңа мемлекет — Израиль құрылған кез еді.  Бұл кітап израильдік офицерлерге қару табыстаған кезде бірге берілетін. Бұл тек оқу құралы ғана емес, әскери іс-қимыл жасаудың дайын нұсқаулығы болатын. Генерал, Израиль Қарулы күштері бас штабының бастығы Мота Гур, өзінің есінде мәңгі қалған оқиғасымен бөлісті. Ол рота командирі болған кезде, қорқып, қашып кеткен қол астындағы сарбаздарға қарап, осы кітаптың алғысөзін оқиды да, Кеңес Одағының Батыры — өте керемет адам, комбат Момышұлының сөздерін келтіреді — «Сен жауынгерлік позицияны тастап кеттім деп ойлайсың ба? Сен Мәскеуді беріп қойдың!». Соңыра: «Осы сөздерден соң, кітапты оқуды доғардым да, бұрылып кетіп қалдым. Солдаттарым мені сол кезде ұққанына сенімді болдым», — дегені бар. Басқа армия, басқа мемлекет, бірақ бұл Израиль армиясына өнеге болған оқиға ерліктің, батырлықтың асқан жүректіліктің үлгісін көрсеткен тарих сабақтарының бірі болды», — деді ол.

Арон Шнеер 1951 жылы Латвияның Лудза қаласында дүниеге келген. Латвияда тұрған оның жанұясы мен туған-туыстары 64 мүшесінен ұлтшылдардың қудалауы кезінде өлтірілді. Шнеер 1975 жылы Даугавпилс педагогикалық институтының тарих-филология факультетін және 1984 жылы Ригада Латвия университетінің тарих факультетін бітірген. 1990 жылдан бері Иерусалимде тұрады. 1941-1945 жылдарда тұтқынға түскен кеңес әскерлерінің тағдырлары жайында «Плен» атты екі томдық зерттеу кітабының авторы. 2013 жылы доктор Арон Шнеер Пушкин медалімен марапатталды.

Пікір қалдыру