• Валюта бағамы: USD 361.66 | EUR 409.51 | RUB 5.41 | CNY 52.36 |

Оңтүстікте «Жұлдыздарға қара» жобасының жеңімпаздары анықталды

0

Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіпкерлік белсенділігін қолдау мақсатындағы «Жұлдыздарға қара» жобасының жеңімпазы анықталды. Байқауды «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ мен Қазкоммерцбанктің «Құс Жолы» корпоративті қайырымдылық қоры ұйымдастырды, деп хабарлайды damu.kz.

Аталған жоба осы жылдың 1 маусымында Республиканың барлық облыстарында бастау алды.

Оңтүстік Қазақстан облысында қатысушылардың өтініштерін алдын-ала қарау қорытындысы бойынша 6 өтініш байқау комиссиясының қарауына жіберілді.

Осы жылдың 3 тамызында 298 мың теңге мөлшеріндегі грант иегерінің есімі белгілі болды. Ол — 1963 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының тұрғыны Нұрғали Таласбаев.

Іс бастаушы кәсіпкер Нұрғали Таласбаев жыл басында Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына (КҚКО) келіп, 300 мың теңгеге дейінгі грант байқауы туралы біліп, күркетауық өсіру бойынша бизнес жобасымен байқауға қатысуға өтініш береді.

— «Күркетауық өсіру бойынша бизнес идея ауыл елді мекені үшін өте перспективті идея, мен өзім ауылда өскенмін және өмір бойы ауылшарушылығымен айналысамын. Күркетауық өсіру қоңды тауық өсіргенге қарағанда, анағұрлым шығынды, бірақ ол көбірек тиімдірек, өйткені күркетауық еті қымбат және 20 кг. дейін тартады. Одан басқа, күркетауық еті емдомдық қасиеттерге ие», — дейді кәсіпкер Нұрғали Таласбаев.

Қосалқы шаруашылықты жабдықтандыру үшін кәсіпкерге Алматы қаласынан ішіне 528 жұмыртқа кететін генераторы бар инкубатор-фермасын сатып алуға кішігірім сомма қажет болды. Балапан басып шығару үшін жұмыртқаны жергілікті фермерлерден өз қаражаты есебінен сатып алады, орта есеппен балапан басып шығару мерзімі 20-25 күнді құрайды. Инкубатордағы барлық шарттарды жасаған жағдайда, күркетауық балапанын шығару 98-100% құрайды. Алдағы уақытта, күркетауықтардың жартысын семірту және жартысын Шымкент халқына сату жоспарлануда.

Нұрғали Таласбаев жобаны қыркүйек айынан бастап жүзеге асыруға кірісуді жоспарлап отыр. «Мен байқау ұйымдастырушылары — «Құс Жолы» Қайырымдылық қорына және «Даму» Қорына өз ісімді ашуға және бастауға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіремін»,-дейді жеңімпаз Нұрғали Таласбаев.

Ал қыркүйек айында тағы да екі жеңімпаз анықталды. Олар: Абдуалим Құлахмедов және Лолита Садвакасова.

Абдуалим Құлахмедов 1961 жылы туған. Шымкент қаласының тұрғыны. Кәсіпкерлікпен 3 жылдан бері айналысады. Бірінші топ мүгедегі. Бизнесін ашқан сәттен бері Шымкент қаласындағы «Даму» Қоры (КҚКО) тұрғылықты клиенті, «Даму» Қорының көптеген оқыту жобаларының қатысушысы. «Даму» Қорының КҚКО-да мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін байқаудың жүзеге асырылып жатқандығы туралы біліп, өтініш қалдырады.

— «Менің бизнес-идеям қарапайым, бірақ табысты. Ол гипстен жәдігерлік бұйымдар жасау,-дейді Абдуалим. Грант қаражатына 20 түрлі пішіндегі және түрдегі арнайы пресс-пішіндер сатып алуды жоспарлап отырмын. Шикізат: гипстер, бояулар, қылқаламдарды Шымкент қаласының базарларынан сатып аламын. Жәдігерлер дайындау жеңіл. Гипсті пресс-пішіндерге құяды және 20-30 минуттан соң дайын бұйымдар алынады. Содан соң кептіріледі, боялады және дайын тауар болып шығады».

Өзінің өнімінің өтетініне Абдуалим сенімді. Жәдігерлік өнімдерді өз бетінше сатуды және сатуға дүкендерге өткізуді жоспарлауда.

Екінші жеңімпаз – Лолита Садуақасова 1957 жылы туған. Қарағанды облысында туып-өскен. 1974 жылы өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс, инженер-құрылысшы мамандығы бойынша КазХТИ бітірген. Мамандығы бойынша 18 жылдан астам жұмыс істеген және еңбек және еңбек ақы бойынша бойынша нормалаушыдан МКП басшысына дейін қызмет еткен. 2006 жылы екі рет инсульт алып, нәтижесінде 2-топ мүгедегі болып қалады.

Сауыққанннан соң мүгедектерді оңалту орталығында ерікті жұмысшы болып істейді. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» Қорының Аймақтық фил Кейіннениалымен ұйымдастырылатын семинарлар барысында байқау туралы естиді.

— «Менің екі ересек балаларым және 5 немерем бар. Кез-келген ана, әже сияқты мен де балаларыма тек қана жақсы және сапалыны бергім келеді. Алайда, өкінішке орай базарда қол жетімді бағада балалар киімі аз. Сондықтан мен балалар киімін тігетін цех ашуға бел бідым»,-дейді Лолита. Грант қаражатына тігін машиналары, оверлок және үтіктеу қондырғылары алынды. Матаны базардан сатып алуды жоспарлап отырмын».

Балалар киімдерінің дизайнын Лолита өзі жасайтын болады. Киім 0-ден 14 жасқа дейінгі балаларға арналған. Өнімді жергілікті базарларда өткізіледі, сонымен қатар балабақшалармен келісім бар.

Екі жеңімпаз да «Құс жолы» қайырымдылық қорына және «Даму» Қорына өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін байқау ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіруде.

Пікір қалдыру