• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Дін істері ведомствасы ақпаратты дұрыс жеткізуге шақырды

0

photo_128219Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті бірқатар БАҚ беттерінде еліміздегі мешіттерде ресми уағыздардан кейін қосымша түрде оның орыс тілінде түсініктемесі айтылуы қажет деген мәселе төңірегінде туындаған талқылауларға қатысты түсіндірмесінде хабарлады.

«ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті еліміздің Конституциясында кепілдік берілген сөз бостандығына құрметпен қарай отырып, отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дін тәрізді өткір салада туындап отыратын мәселелер туралы екіұдай ақпарат беруге жол бермеуге және тұрғындарға шынайы ақпаратты дұрыс жеткізуге шақырады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, түсініктемеде аталған мәселенің тұрғындарының құрамы көптеген ұлттардан тұратын елдімекендердегі жекелеген мешіттерге ғана қатысты екендігі айрықша атап өтілген.

 

Пікір қалдыру