• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Р.Тәжібаева: Қазақстандық өнімдер шетелдікінен бір де кем емес

0

img_0276Бүгін ОКҚ-ғы журналистер арасындағы өткізіліп жатқан Ұлттық «Самғау» байқауының барысы туралы қоғамдық комиссияның брифингінде «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ЗТБ президенті Рима Тәжібаева отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің артқанын айтты.

«Бүгінгі байқаудың себебімен отандық өнімнің қашан да орны бөлектігін айта кеткен жөн. Мұны мен тұтынушылардың соңғы кездегі төл өнімдерге деген ыстық ықыласынан байқап отырмын. Мысалы, елорданың Орталық базарындағы «Самғау» сауда орынында жақында ашылған павильон қазақстандық тауармен толығуда. Ондағы халықтың ұмтылысын көрсеңіздер», — деді ол.

Оның айтуынша, бір жерге топтасқан тек ұлттық брендті тұтынушылардың қатары күн санап артып келеді. Ашылғанына бірер ай ғана болған бұл сауда алаңындағы тауарлардың барлығы отандық өндірушілердің қолынан шыққан және де шетелдік өнімдермен терезесі тең түспесе, кем түспейді.

«Бағасынан мін таппайсыз. Сапасына сын тақпайсыз. Made in KZ белгісі бар ұлттық бренд бүгінде сауда нарығында ойып өз орнын алуда. Кеше ғана жастанған жастықтан, жайғасқан жиһазға дейін шекараның арғы жағынан жеткізілетін. Бүгінгі жағдай бөлек. Қазақстандық кәсіпкерлер сұранысты саралап, ұсынысты қабылдап, тұтынушыға сапасы жоғары қол жетімді бағамен өз өнімін беруге әзір екенін дәлелдеп отыр. Демек, біз отандық өнімді тұтынуға дағдылануымыз керек. Яғни, бұл халық арасында төл брендтерімізді насихаттауға, олар туралы қоғамда оң пікір қалыптастыруға барынша күш салу керек деген сөз», — деп атап өтті ЗТБ президенті.

Айта кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 тамыз бен 10 желтоқсан аралығында журналистер арасында «Самғау» ұлттық байқауы өткізілуде. Аталған байқаудың мақсаты – Халық маркасы сертификатына ие болған қазақстандық өндірушілердің үздік және қолжетімді өнімдері туралы мәлімет беру, сондай-ақ, отандық брендтер жайлы тақырыпты халыққа түсіндіріп таратуға үлес қосатын үздік жұмыстарды анықтау.

Пікір қалдыру