• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Аягүл Мантаева: Қазақ әдебиетіне интеллектуалды шығарма керек

0

Мәскеу – мәдениеттің қаласы

– Аягүл, Мәскеуде білім алып жатқаныңа біраз уақыт болды. Біздің көңіліміздегі Мәскеу – әдебиеттің, өнердің ордасы, орыс зиялысының бас қосқан жері. Кеңес одағының астанасы болған нән шаһарды саяси қаладан гөрі, мәдени қала ретінде танып келдік. Бүгінгі Мәскеу саясиланған, бұрынғы мәдени аурасынан ажыраған қала сияқты сезіле береді. Естеліктердегі Мәскеу мен шынайы өмірдегі Мәскеудің айырмашылығы қандай екен?

– Мәскеуде өмір сүріп жатқаныма екі жыл. Сөз жоқ, біз Мәскеуде оқып жатқан жылдар – Ресейдің өзге мемлекеттермен саяси шиеленісі күшейіп, экономикасына кері әсер етіп, рубльдің құны күннен күнге түсіп жатқан уақыт. Менің мақсатым – сапалы білім алып, өзімді шығармашылық тұрғыдан шыңдау. Әлемдегі ең үлкен мегаполистегі экономикалық-саяси мәселелерге байланысты дүкендердегі азық-түліктің күннен күнге қымбаттауы – студенттердің қалтасына салмақ салып жатқаны анық.

Бір байқағаным, орыс билігі болсын, зиялылары болсын саясат пен мәдениеттің арасына «шекара қойып», мәдениетті саясаттың «салқынынан» қорғай алады. Бір ғана мысал: 2015 жылды Ресей «Әдебиет жылы» деп жариялады. Сосын мұнда «Мәдениет жылы», «Әдебиет жылы» – біздегідей жоспар орындау мақсатында, болмаса, шенеуніктердің қалтасын қампайтатын жоба емес, нақты істер жасалады.

Мысалы, біздің елдегі «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шыққан философия және мәдениеттану кітаптарының он томдығын аударуға университетте дәріс беретін оқытушылар да қатысқан. Көптеген студенттердің айтуынша, оқытушылар студенттеріне аударуға беріп, кейіннен өздері үстінен редакцияламаған. Нәтижесінде, әлем философиясының көпшілігі қате аударылған. Біріншіден, студенттерге ақша төлемегендіктен, олар неліктен аударуға тиіс? Екіншіден, аударманың ақшасын өзі ғана алатын оқытушылардың студенттерге өз жұмысын істетуге қандай құқы бар? Үшіншіден, бұл кітаптар өз бала-шағасына емес, қазаққа, болашаққа қалатын кітап еді ғой. Бұдан кейін әлемнің інжу-маржандарын аударуға мемлекеттен қаржы бөліне ме, жоқ па, Құдай біледі. Естуімше, философия мен мәдениеттанудың он томдығын аударуға аудармашыларға жақсы қаламақы төленген.

жубай
Әмірхан Балқыбек
Осы кітаптардың бір томына марқұм, эрудит Әмірхан Балқыбектің де аудармасындағы мақалалар енген. Әмірхан аға қандай мақала жазса да, бүкіл ынтасын, махаббатын салып жазушы еді ғой. Осы кітаптарды қолына алып, марқұм қазақтың қазақбайшылығына, ең болмаса, үкімет беріп тұрған мүмкіндікті пайдалана алмағанымызға қынжылып еді. Мұның бәрін не үшін айтып отырмын, орыстардың зиялысы мұндай бассыздыққа, сауатсыздыққа жол бергізбейді. Бізде бәрі үнсіз, бәрі немқұрайлы… Өз басым, біздің қазіргі зиялылар мен қарапайым халықтың ойлау жүйесінен, танымынан үлкен айырмашылық көрмеймін.

…Мен ешкімге ренжімеймін: бірақ мен де пендемін, шыдап-шыдап, бір күні жарылуым әбден мүмкін. Мен ешкімге кектенбеймін: бірақ маған кімнің жаманшылық істегенін ешқашан ұмытпаймын.
… Естеліктердегі Мәскеу мен шынайы өмірдегі Мәскеудің айырмашылығы – бұл сіздің қабылдауыңызға байланысты. Маған Мәскеудің мәдениетін, жалпы мәдени өмірін зерттеу ұнайды. Сол себепті, уақытымның көпшілігін әйгілі Третьяков галереясын, Толстой, Достоевский, Гоголь, Пушкин, Чехов, Есенин, Булгаков, Марина Цветаева тұрған және басқа да музейлерді аралап, театрға баруға арнаймын. Бұл музейлерге қашан барсаңызда ығы-жығы халықты, шетелдік саяхатшыларды көресіз. Өз басым, Мәскеудің мәдени өмірімен жақсы таныс болғандықтан, 150-ден астам театры бар, әйгілі театрларына көрермен билет таппай жүретін бұл қаланы «мәдени өмірінен ажырап бара жатыр» деп айтпас едім.

Аяш
Аягүл Мантаева, жазушы
Акунин шетелге кетпейді

– Орыс әдебиеті десе, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың белортасына дейінгі классиктер дәуірі көз алдымызға келеді. Толстойдан Шолоховқа, Пушкиннен Евтушенкоға дейінгі тұтас ірі тұлғалар әлем әдебиетінен өзіндік орын алды. Қазір де көзі тірі Вознесенскийлердің буыны бар. Дегенмен, солардан кейінгі буын туралы көп айтыла бермейді. Орыс әдебиетінің бүгіні дегенде, кімдерді атауға болады?

– Өзім Ресей Халықтар Достығы университетінің (РУДН) әдебиеттану мамандығында магистратурада оқып жатқандықтан, жас әдебиетшілермен жиі әңгімелесем. Олардың кейбірі Акунин, Пелевин шығармашылығымен «ауырса», кейбірі бұларды мүлдем мойындамайды. Дегенмен, Акунин, Пелевин және Татьяна Толстая, Сергей Гандлевский (ақын әрі жазушы), Владимир Сорокин – Ресейдің қазіргі «модный жазушылары». Біздің кафедра меңгерушісі А.Коваленко В.Пелевиннің шығармашылығы туралы бір жыл бойы лекция оқыды, семинарда Пелевиннің роман, әңгімелерін талдадық. Менің жеке пікірімше, Пелевиннің әңгімелері таза әдеби дүниеден гөрі, публицистикалық жанрға жақын, дегенмен, идеясы жақсы. Мысалы, «Код мира» – публицистикалық дүние. Сабақ үстінде бұл ойымды да жасырған жоқпын. Бір жақсысы, мұнда оқытушылар студенттер мен магистранттардың жеке ойын, пікірін тыңдап, өз пікірін айтады. Егер сіз өз пікіріңізде қалсаңыз, сізді өз пікіріңізді қорғай алатыныңыз үшін, жеке тұлғалық болмысыңыз үшін құрметтейді.

Алысқа бармай-ақ қояйын, біздің группадағы жас әдебиетшілер де ылғи білім жарыстырады. Біздің елде киім жарыстыру бар, көлік жарыстыру бар, үй жарыстыру бар, талант жарыстыру бар, бірақ білім жарыстыру жоқ. Тіпті, ең қорқыныштысы, білім жарыстыру жас ақын-жазушылар арасында да жоқ. Біздің көптеген жас ақын-жазушылар «талант» деген тұлпарын мініп алып, алды-артына қарамай шаба береді, шаба береді.
– Орыс әдебиетінің бір шоғыры – эмиграциялық әдебиет. Олар – Бунин, Газданов, Набоков, Бродский, қайта оралған Солженицындерден құралатын ұзын-ырғасы 30-дан астам қаламгердің туындыларынан тұрады. Путиндік Ресейдің болашағынан түңіліп, шетел асып жатқан қаламгерлер бар ма?

– Жарайды, бастапқыда шетелдегі өмірі ауырлау басталғанымен, Набоков «Лолитасымен» кеңестік жүйені «жеңді», мойындатты, өмірінің соңғы жылдары ақшалы жазушы Швейцарияның жақсы қонақүйінде он жеті жыл өмір сүрді, еркін шығармашылықпен айналысты. Жаны тыныштық таппай, басын тауға да, тасқа да ұрған «жынды» Бродский де Нобель алды, шетелдегі кедейшілік жеңген орыс ақын-жазушыларға көмектесті, жақсылық жасады. Еврей ақынның еңбегі еленді ғой. Нобель алу, біреулерге қуаныш сыйлау – ол да түсінген адамға бір бақыт. Марина Цветаеваны айтсаңызшы. Ол шетелде эмиграцияда болғанда да кедейшіліктен бір көз ашпады. Отанына оралған ақын аштықтан бұратылып жатты. Маринаның қолына су құюға жарамайтын әдебиеттегі шенеуніктер, талантсыз өлермендер оның тағдырымен ойнады. Ақын «Литфонттың» асханасында ыдыс жуушы болуға хат жазуға мәжбүр болды. Олардан білімі, таланты, потенциалы артық, шет тілдерін еркін меңгерген, зиялы отбасынан шыққан Маринаға мұның бәрі ауыр соққы болды. Ақыры өзіне қолжұмсап, өлді.

Осыдан біраз уақыт бұрын бұқаралық ақпарат құралдары Борис Акунин «эмиграцияға кетеді» деп шулағанымен, жазушы Ресейден ешқайда кетпейтінін айтты.

Ксения Букша – орыс әдебиетінің болашағы

– Біз тұстас, орыс қаламгерлері жылы қабылдап, жіті назар аударатын жастар шоғырынан кімдердің есімін айрықша айтар едің?

– Ресейде «Москва-Пенне» атты әдеби сыйлық бар. Бұл сыйлықтың өзгешелігі: жеңімпазды оқырмандар таңдайды. Бұл сыйлықтың жеңімпазын анықтауда МГУ, РУДН, басқа да беделді университеттердің филология факультетінің студенттерінің даусы шешуші рөл ойнайды. Былтырғы жылдың аяғында осы сыйлықтың жеңімпазы Мәскеудегі Әдебиетшілер үйінде анықталды. Татьяна Коренькова атты ұстазым: «Ая, сен жазушы болғандықтан, міндетті түрде қатысып, өз даусыңды беруге тиіссің. Бұл сен үшін қажет. Тобыңның атынан сен қатысасың, сабақтан сені бір күнге босатамыз» деген соң, барып, мен де өз даусымды бердім. Әлі есімде, сахнада финалға шыққан үш жазушы отырды. Олар Ресейдің танымал жас жазушылары: Ксения Букша, Сергей Шаргунов, Андрей Битов. Әр жас жазушының аға буыннан бір-бір қорғаушысы шығып, олардың шығармашылықтары туралы жылы пікірін айтып, оларды жүлдеге «сүйреді». Сонда қасымда отырған орыс жігіт менен: «Үшеуінен сыйлықты кім алады?» деп ойлайсыз?» деп сұрады. Мен ойланбастан: «Сергей Шаргунов» деп жауап бердім. «Сізге оның шығармашылығы ұнай ма?» деп жас жігіт маған жаратпай қарады. «Залға қараңызшы, бәрі де жас студент қыздар. Ал Сергей Шаргунов – жас және әдемі жігіт. Қыздардың көпшілігі шығармашылықты ақылмен емес, сезіммен бағалайды, олар симпатиясын жасыра алмай, Шаргуновтың кескін-келбеті үшін өз дауыстарын береді. Қысқасы, бұл сыйлықта сезім жеңіске жетеді» деп жауап бердім. Мен байқаудың қорытындысы ұзаққа созылып кеткендіктен, кетіп қалдым. Чеховтың музейі Әдебиетшілер үйінің қасында. Чеховтың үйін аралап болғасын, байқау қорытындысын білейін деп интернетке кірсем, шынында да, сыйлықты Сергей Шаргунов алыпты. Менің жеке пікірімше, бұл сыйлыққа Ксения Букша лайық еді.

Кектенбеймін және …ұмытпаймын

– Алматыдағы әдеби ортаның деңгейі бүгінгі Аягүлді қызықтыра ма? Өзің біраз жыл жұмыс істеген «Қазақ әдебиеті» газетін, Жазушылар одағын сағынасың ба?

– Мен сағынам: Алматымды; өзім барып, алма теріп жеген, ұлы жазушының рухымен сырласқан Толстойдың Ясная Полянасын. Мен сағынам: өзіме тілектес екенін айқайлап айтпаса да, өзім түйсігіммен сезетін, шынайы, тазалығын жоғалтпаған адамдарды. Мен қайда жүрсем де, олар мен үшін киелі, қастерлі, қымбат, аяулы.

…Мен ешкімге ренжімеймін: бірақ мен де пендемін, шыдап-шыдап, бір күні жарылуым әбден мүмкін. Мен ешкімге кектенбеймін: бірақ маған кімнің жаманшылық істегенін ешқашан ұмытпаймын.

Мұндай ұстаздар қандай шәкірттер тәрбиелейтінін ойлаудың өзі қорқынышты. Осы секілді сауатсыз ұстаздарды әр ауылдың мектебінен табуға болады. Бірақ бұл сауатсыз ұстаздарды да бір кезде мектепте, институтта оқытушылар дайындады ғой. Ізденбейтін оқытушы – өзін ғана жоғалтпайды, қаншама жастың болашағына балта шабады. Басқа-басқа, қазір біздің мемлекеттік университеттерде оқытушылардың жалақысы жақсы. Жобалармен жұмыс істейді. Әйтеуір жоба алу үшін, ақша жасау үшін жанталасып жатқан жұрт. Сол жобалар үшін мемлекеттен бөлініп жатқан миллиондаған қаржы желге ұшып жатқан жоқ па? Сол жобаның аясында шетелдерде демалып, қыдырып жүрген оқытушыларды көріп, қызғанбайсың, тек үлкен ғылым жасауға қауқары жетпейтін оларды да, қоғамды да аяйсың…
– Қазақ әдебиеті бұрын орыс жазушыларына, әдебиеттанушыларына қарайлайтын. Солардың пікірі, көзқарасы арқылы әлемді бағалайтын. Әлі де солай. Мұның бір себебі, орыс баспаларының әлемдік әдебиетті дер уақытында аударып, халыққа ұсынуынан болса, екіншіден, біздің қаламгерлердің орыс тілін жақсы білетіндігінен болса керек. Әйткенмен, кей кездері әдебиет туралы тұщымды әңгіме айтар, ой тастар адам таппай қаламыз. Университетте әлем әдебиетінен сабақ беретін ұстаздардың пікірін оқысаңыз да тым ескі көзқарас менмұндалап тұрады. Бұл оқу мен тоқудың үйлесімсіздігі ме, әлде басқа да себебі бар ма?

– Құрбым: «Мектепте әдебиеттен сабақ берген ұстазымыз «Бүгін Мағжан Жұмабековтің өлеңдерімен таныс боламыз» дейтін. Біз: «Апай, ақынның аты-жөні Мағжан Жұмабаев, Жұмабеков емес» деп түзейтінбіз. Апайымыз: «Жақсы, Жұмабаев болса, Жұмабаев болсын» деп сабағын әрі қарай жалғастыратын» деп күйіп-піседі. Менің құрбым кейіннен қаладағы мектепке ауысып кеткен. Мұндай ұстаздар қандай шәкірттер тәрбиелейтінін ойлаудың өзі қорқынышты. Осы секілді сауатсыз ұстаздарды әр ауылдың мектебінен табуға болады. Бірақ бұл сауатсыз ұстаздарды да бір кезде мектепте, институтта оқытушылар дайындады ғой. Ізденбейтін оқытушы – өзін ғана жоғалтпайды, қаншама жастың болашағына балта шабады. Басқа-басқа, қазір біздің мемлекеттік университеттерде оқытушылардың жалақысы жақсы. Жобалармен жұмыс істейді. Әйтеуір жоба алу үшін, ақша жасау үшін жанталасып жатқан жұрт. Сол жобалар үшін мемлекеттен бөлініп жатқан миллиондаған қаржы желге ұшып жатқан жоқ па? Мені осы ойландырады…

Ресейде әлем әдебиеті туралы оқулықтың түр-түрі бар, әдебиеттанушылар жарысып, жазып жатады. Еш болмаса, сол кітаптарды аударып, бассақ, орыс тілінде оқуға қиналатын жас әдебиеттанушылардың, ақын-жазушылардың білім көкжиегі кеңейер еді.

Осы кітаптардың бір томына марқұм, эрудит Әмірхан Балқыбектің де аудармасындағы мақалалар енген. Әмірхан аға қандай мақала жазса да, бүкіл ынтасын, махаббатын салып жазушы еді ғой. Осы кітаптарды қолына алып, марқұм қазақтың қазақбайшылығына, ең болмаса, үкімет беріп тұрған мүмкіндікті пайдалана алмағанымызға қынжылып еді. Мұның бәрін не үшін айтып отырмын, орыстардың зиялысы мұндай бассыздыққа, сауатсыздыққа жол бергізбейді. Бізде бәрі үнсіз, бәрі немқұрайлы… Өз басым, біздің қазіргі зиялылар мен қарапайым халықтың ойлау жүйесінен, танымынан үлкен айырмашылық көрмеймін
Көп оқитындар бізде ғана «мода»

– Қазір Интернет бар, жеті қат көктегі мен жеті қабат жердегінің бәрін алдыңызға жайып салады. Екінің бірі ақылман, білгір, білімді болып көрінудің жолын жете меңгерді. Кітап оқымайды, кітап туралы аңдатпамен-ақ мақала жазады, қисынымен таңдандырады. «Бұл бала данышпан, бәрін біледі» деп үлкендердің өзі таңырқасып жүреді. Бүгінгі орыс әдебиетшілері неге таңданады, неге таңданбайды?!

– Кітап көп оқитын адамдар біздің елде ғана «мода» ма деймін. Мәскеу метросында жұмысқа бара жатқан, жұмыстан шаршап келе жатқан көптеген адамдар кітап оқып отырады. Сондықтан бұл жақта кітапты көп оқитын адамды дәл біздегідей әспеттеп, ешкім таңданбайды. Бірақ көп оқып, өзіңе ғана тән пікірің болмаса, бұл – әдебиетші үшін қиын. Алысқа бармай-ақ қояйын, біздің группадағы жас әдебиетшілер де ылғи білім жарыстырады. Біздің елде киім жарыстыру бар, көлік жарыстыру бар, үй жарыстыру бар, талант жарыстыру бар, бірақ білім жарыстыру жоқ. Тіпті, ең қорқыныштысы, білім жарыстыру жас ақын-жазушылар арасында да жоқ. Біздің көптеген жас ақын-жазушылар «талант» деген тұлпарын мініп алып, алды-артына қарамай шаба береді, шаба береді. Құдай-ау, тұлпарды уақтылы суғарып, шөп беріп, баптамасаң, тулаққа айналады ғой. Біздегілер ақыр соңы талант-тұлпарын зорықтырып өлтіреді. Бірақ көкірек әлі де ұрып тұр: «Мен мықтымын! Мен бәрін қырып-жоям». Мен әр адамның «Мендігіне» құрметпен қараймын, ол шын талантты, шын білімді адамның «Мендігі» болса, әрине. «Мен әлем әдебиетін қаншалықты деңгейде білем? Әлем әдебиетінде үлкен жетістікке жеткен кез келген жазушы терең білімді болған, солардың білгенінің жартысын меңгере алам ба?» деген сұрақты өзіңізге анда-санда қойып отырғанның артықтығы жоқ. Біздің кейбір жас ақын-жазушыларға біреулердің артынан артық әңгіме айтып, босқа уақыт өлтіргенше, сол сұрақпен өздерінің ар-намысын қамшылап тұру қажет-ақ.

– Бүгінгі заман қазақ әдебиетінен орыс әдебиеттанушылары мен әдеби ортасын бейжай қалдырмайтын қаламгерлерді яки шығармаларды ата десе, кімдердің есімі тіл ұшына оралады?

– Төлен Әбдік. Осы жазушының әлемдік әдебиетте орын алуға қай жағынан алып қарасаңыз да, потенциалы жететін еді. Әңгімелерінде жаңашылдық пен дәстүршілдік қатар үйлесім тапқан. Кейіпкерлерінің психологиясын терең ашып, тіпті қажет кезінде ішек-қарнын ақтарып тастайды. Өкінішке қарай, Төлен Әбдік әлем түгілі, ТМД-ға кеңінен танылмай қалды. Бәлкім, Төлен ағаны өзі жақын араласқан мәскеулік әдебиетшілер таныр, бағалар, бірақ мен сұраған әдебиетшілердің бірде-бірі Төлен Әбдіктің есімін естімеген.

– Сенің әңгімелеріңнен ескі мұң, жаңа сағыныш менмұндалап тұрады. Айрықша толғаныста жүргендей көрінесің. Қомақты шығарма жазып жатқан болар деп ойлаймыз…

– Басымда бір шығарманы «пісіріп жүрмін». Оның қаншалықты қомақты дүние боларын білмеймін… Бірақ бір нәрсені анық түсіндім: бізге, қазақ әдебиетіне интеллектуалды шығарма керек.

– Әңгімеңе рахмет!

Сұхбаттасқан Т. ТАҢЖАРЫҚ

сілтеме

Пікір қалдыру