• Валюта бағамы: USD 365.49 | EUR 420.35 | RUB 5.6 | CNY 52.66 |

100 дарынды студент ІТ семинарларынан өтті

0

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының бастамасы бойынша өткізілген «Method PRO» жобасы бойынша екі апталық ІТ-тағылымдаманың қорытындысы жасалды, деп хабарлайды silteme.kz.

«Method PRO» жобасы — Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытуға бағытталған еліміздің дарынды жастарына арналған арнайы кәсіби білім беру платформасы.

Жобаны іске асыру барысында 100 дарынды студентке арналған отандық және шетелдік мамандардың мобильді және веб-әзірлемелері, машиналық оқыту және Вig Data, маркетинг және бизнес-талдауды қолдану жөнінде семинарлар өткізді. Жобаны іске асыру барысында оған қатысушылар елорданың ірі компаниялары және кәсіпорындарында тағылымдамадан өтті, оның нәтижесінде қатысушылар «Қазпошта», «Казатомпром», Бас прокуратура және т.б. үшін шешім-жобаларын әзірледі.

Бүгін Назарбаев Орталығының алаңында жоғарыда аталған компаниялардың ІТ-бағдарламалары және бизнес-ұсыныстарын енгізу жөніндегі жұмыстары көрсетіледі.

«Қазпошта» АҚ үшін ұсынылатын жоба – жасанды интелектіге негізделген және пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жүйе.

«Казатомпром» АҚ үшін ұсынылатын жоба – кен орындарынан уранды өндірген кезде кеніштерді цифрлауға мүмкіндік беретін цифрлық кеніш жүйесі.

Бас прокуратураға арналған жоба – «Белсенді азамат» мобильді қосымшасы. Қылмыстың мониторингісін жүргізуге, онлайн режимінде шағым және өтініш жасауға мүмкіндік беретін жүйе.

Тұсаукесерге ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев, АҚШ-тың ҚР-дағы елшісі Джордж Крол, жобаны бірлесіп ұйымдастырушы Дагар Давлетов, «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингісі басқармасының төрағасы Руслан Еңсебаев, «Қазпошта»АҚ-ының инновациялар және ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Нариман Мұқұшев қатысты.

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев: «Қордың ұйымдастырып отырған жобалары — адами капиталға деген салым, олар Қазақстан жастарының жеке дара, кәсіби және рухани дамуына ықпал етеді. Жастарға салынған бүгінгі инвестициялар мемлекеттің прогресіне салынған инвестициялар болып табылады», — деп атап өтті.

Пікір қалдыру