• Валюта бағамы: USD 365.49 | EUR 420.35 | RUB 5.6 | CNY 52.66 |

Ақмолалықтар биатлоннан 3 алтын медаль еншіледі

0

Ақмолалық биатлоншылар Қазақстан Республикасының жазғы чемпионатында үш алтын медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Алматы облысының «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде биатлоннан ҚР Жазғы чемпионаты өтті. Жарысқа жасөспірімдер мен  ересектер қатысты.

Спортшылар спринт, синглмикс (1 қыз және 1 ұл эстафетасы) және бір-бірінің артынан жүру түрлері бойынша шеберліктерін ортаға салды. Ақмола облысынан барған 11 биатлоншы 10 медаль олжалады.

Оның үшеуі «алтын». Әсіресе, Алина Слепенко мен Петр Ермоленко (ұлдар мен қыздар) жұбы синглмикс бойынша жеңімпаз атанса, Анна Кистанова мен Тимур Хамитгатин жұбы үшінші орынды місе тұтты. Оған қоса, жекелей сында Петра Ермоленко күміс, Алина Райкова күміс және қол медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, Роман Еремин күміс медаль олжалады.

Ал, нысана көздеу мен жылдамдығы жағынан оза шапқан Анна Кистанова 2 «алтын» және 1 «қола» жүлдеге қол жеткізді.

Жарыстың осы түрінен Алина Слепенко да облыс қоржынына  қол медаль салды. Жерлестерміздің жеңіске жетуіне аға жаттықтырушысы Геннадий Макаров, нысана көздеу бойынша жаттықтырушылары Виктор Чурбаков пен Сергей Райков және жастардың аға жаттықтырушысы Юрий Викулов қомақты үлес қосты.

Пікір қалдыру