• Валюта бағамы: USD 388.7 | EUR 428.7 | RUB 6.08 | CNY 55.46 |

МҰХТАР ТАЙЖАН: ҰЛТТЫҚ АРНАДА МҰНДАЙ КҮРДЕЛІ ТАҚЫРЫПТЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР АРҚЫЛЫ ТАЛҚЫҒА САЛУ — ҮЛКЕН ЕРЛІК

0

Биыл еліміздің саяси-экономикалық әлеуметтік өмірінде көптеген өзгерістер болды. Солардың бірі — салық саясаты.

Салық кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Парламент Мәжілісінің талқысында жатыр. Осы қолданыстағы Салық кодексі 2009 жылы қабылданған болатын. Содан бері 3 рет қайта жазылып, 16 рет толықтырулар мен өзгертулер енгізіліпті. Бұл жолы да енгізілетін  өзгертулер мен толықтырулар аз емес. Салық саясаты «1 студия» алаңында талқыланды.

Тікелей эфир барысында арнайы қонақтар шақырылып, жаңа Салық кодексіне қатысты мәселе жан-жақты айтылды.

«Осы жылдың басынан бастап Елбасының берген тапсырмаларын орындау мақсатында жаңа Салық кодексі әзірленді. Оны әзірлеу барысында оның жобасын 3 бөлікке бөлуге болады. Біріншіден – жаңа идеология,  екіншіден – жаңа ынталандыру, үшіншіден – жаңа салық әкімшілендіру», — дейді ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары Дарын Әбдуәлі.

Ал, қоғам белсендісі, экономист  Мұхтар Тайжан «Қазақстан» Ұлттық арнасына рахметімді айтамын. Өйткені, мұндай күрделі тақырыпты тікелей эфир арқылы талқыға салу үлкен ерлік деп есептеймін», — деді.

қайнар көз: http://kaztrk.kz

Пікір қалдыру