• Валюта бағамы: USD 361.66 | EUR 409.51 | RUB 5.41 | CNY 52.36 |

ҚР АШМ шенеунігі мемлекеттік сатып алуға қатысушылардан жүйелі негізде пара алған

0

Астана сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы М.К.Мырзатаевтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күдікті жеңімпаз деп тану үшін және келісімшарт бойынша қаржыны тез аудару үшін мемлекеттік сатып алу қатысушыларынан жүйелі негізде пара алып отырған.

М.К.Мырзатаев кезекті рет 4,3 млн теңге параны алып жатқан кезде ұсталды.

Бұдан бөлек, ол 9 қазанда мердігер ұйымның мүддесін көздей отырып, 1 млн теңге сомасындағы параны ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бас сарапшысы Е.Б. Медеубековке тендердің нәтижесін жоққа шығару үшін берген.

Дәл сол күні М.К.Мырзатаев пен Е.Б. Медеубеков ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Пікір қалдыру