• Валюта бағамы: USD 319.68 | EUR 392.95 | RUB 5.63 | CNY 50.26 |

Головкинмен реванштық кездесу өткізу үшін қолымнан келгеннің барлығын істеймін — «Канело»

0

Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен қарымта кездесуді келесі жылдың мамырында өткізу үшін қолынан келетіннің бәрін жасайтыны туралы мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

«Қарымта мен үшін басты мақсат. Қазір демалысқа шыққым келеді, жекпе-жекті мамырда өткіземіз деген мақсат бар. Қолымыздан келгеннің бәрін істейміз. Енді бәрі оларға байланысты (Головкиннің командасына), олар қарымта кездесу өткізгісі келе ме, жоқ па соған. Жеке мен жекпе-жекті қалаймын. Келіссөздер жүргізу керек: барынша мамырда», — дейді Альварес. Мұның алдында белгілі америкалық спорт шолушысы Дэн Рафаэль Эрик Гомес пен Том Леффлер келесі аптада кездесіп, Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі туралы келіссөз өткізбек екені туралы жазған.

Еске салайық, боксшылардың алғашқы жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтіп, төрешілер шешімі бойынша қарсыластар тең түскен. Екінші жекпе-жек 2018 жылы 5 мамырда өтуі мүмкін екені айтылып жатыр. Дегенмен Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Головкин мен «Канело» арасындағы қарымта кездесу жақын уақытта өту керек деген шешім шығарды.

Пікір қалдыру