• Валюта бағамы: USD 366.43 | EUR 420.11 | RUB 5.58 | CNY 52.87 |

Иван Дычко 28 қазанда үшінші жекпе-жегін өткізуі мүмкін

0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко 28 қазан күні кезекті жекпе-жегін өткізуі мүмкін, — деп хабарлйды 24.kz.

Егер боксшы шаршы алаңға шығатын болса, бұл оның бір ай ішіндегі үшінші кездесуі болмақ. Аса ауыр салмақта бақ сынайтын боксшы мен командасы жыл соңына дейін 6 жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр екен.

Осыған дейін 27 жастағы отандасымыз америкалық боксшылар Эйбур Райт пен  Родригес Кейджді нокаутпен жеңген еді.

28 қазан күні АҚШ-та төрт бірдей бокс кеші өтеді. Егер ол күні Иван Дычко шаршы алаңға шықпайтын болса, 4 қарашаға жоспарлануы мүмкін.

Бұл күні 7 бірдей бокс кеші өтеді деп күтілуде.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Иван Дычко – 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Пікір қалдыру