• Валюта бағамы: USD 366.43 | EUR 420.11 | RUB 5.58 | CNY 52.87 |

Атамбаев Қазақстан туралы айтқан сөзіне пікір білдірді

0

Президенттік мерзімі аяқталуға жақын қалған Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев Қазақстан және елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайлы айтқан сөзі үшін кешірім сұрады деп хабарлайды  NUR.KZ.

«Қазақстан президенті жайлы қызбалыққа салынып айтқаным дұрыс болмады-ау. Соңғы күндері осы жайлы ойландым», — дейді екі ел арасындағы ахуалға пікір білдірген Атамбаев.

Сонымен қатар Қырғызстан президенті барлық көрші мемлекетпен бейбіт қарым-қатынаста болудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, Атамбаев бұндай мәлімдемені Бішкекте өткен президенттік шәкіртақыны табыстау рәсімінде жасады.

Еске сала кетейік, Алмазбек Атамбаев бұған дейін Қазақстанның экономикалық жағдайына қатысты пікір білдірген еді.

Кейін Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың пікіріне қатысты арнайы мәлімдеме жасады.

Пікір қалдыру