• Валюта бағамы: USD 356.54 | EUR 419.43 | RUB 5.42 | CNY 51.86 |

Түрікменстан президенті Ашхабадтағы құрылыс жұмыстарын атпен аралап көрді

0

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Ашхабадтағы құрылыс жұмыстарын атпен аралады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БАҚ мәліметінше, Түрікменстан басшысының бұл тексерісі 21 қазанда елорда мэрінің өтінішімен өткен.
«Түрікменстан президенті Ашхабад мэрінің өтініші бойынша құрылыс жұмыстарын бақылады. Ат үстінде», — делінген ролик титрлерінде.

Кадрлардан Бердымухамедовтың нысандарды қарап, тапсырма беріп жүргенін көруге болады.

Еске салайық, мұның алдында Түрікменстан президенті елдегі барлық әлеуметтік жеңілдік жүйесін тиімсіз деп атап, алып тастауды тапсырған еді.

Түрікменстан азаматтарына берілетін жеңілдіктерді 1993 жылы елдің бірінші президенті Сапармурат Ниязов енгізген еді. Сол арқылы халық суды, газды және электрді тегін пайдаланатын.

Пікір қалдыру