• Валюта бағамы: USD 356.54 | EUR 419.43 | RUB 5.42 | CNY 51.86 |

Сахара шөлінде екінші жыл қатарынан қар түсті

0

Сахара шөлінде екінші жыл қатарынан қар түсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық агенттігі. Қардың 7 қаңтарда Алжирдегі Айн-Сефра қаласында, шөлдің солтүстігінде жауғаны хабарланып отыр. Шамамен жалпы 40 сантиметр жауын-шашын түскен.

Кешкі уақытта қар ери бастаған. Айн-Сефрада жазда ауа температурасы Цельсий бойынша 37 градусқа жетеді екен де, қыста нөлге жақын болады. Еске салаыйқ, өткен жылы бұл қаланың маңында көп мөлшерде қар жауған еді. Сол кезде бұл маңда 1979 жылдан бері тұңғыш рет қар жауғаны хабарланған болатын.

Пікір қалдыру