• Валюта бағамы: USD 341.18 | EUR 392.97 | RUB 5.34 | CNY 52.5 |

КХДР және Оңтүстік Корея арасындағы келіссөздер басталды

0

КХДР және Оңтүстік Корея бүгін екі ел арасындағы қатынасты жақсарту және Пхенчхандағы Олимпиадаға солтүстіккореялық спортшылардың қатысуы туралы министрлік деңгейіндегі келіссөздерді бастады. Бұл туралы Baq.kz ақпараттық агенттігі   хабарлады.

Келіссөздер сағат 10.00-де (07.00 Астана уақыты) басталды.

Корея Республикасының ұлттық қауымдастық істері жөніндегі министрі Чо Мён Гюн және Отанды бейбіт біріктіру комитетінің төрағасы (КХДР) Ли Сон Гвон бастаған екі тарап өкілдері «Бейбітшілік үйінде» кездесті. Бұған дейін осы жерде КХДР мен Оңтүстік Кореяның өкілдері бернеше рет келіссөз жүргізген. Келіссөздер жабық режимде, журналистердің қатысуынсыз өтіп жатыр.

Пікір қалдыру