• Валюта бағамы: USD 319.42 | EUR 400.04 | RUB 5.66 | CNY 50.35 |

Әйелді акуладан құтқарған киттің видеосы жарияланды

0

Кит зерттеуші әйелді акуладан құтқарып қалды. Бұл туралы The Independent жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап. Оқиғаның видеосы Youtubeжелісіне жүктелді.

Оқиға Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі Кука аралдарында болды.

Биолог Нэн Хаузер киттің қасында жүзіп жүріп, жанына үш метрлік акуланың келіп қалғанын байқамай қалады. Ал, кит болса, жыртқыш жануарды бірден байқап, қанаттарымен әйелді қорғайды. Бір кезде сүтқоректі жануар 63 жастағы Хаузерді арқасымен судың бетіне де көтерді. Зерттеуші ғалымның айтуынша, сол жерде тағы да бір кит жүзіп жүрген. Ол да акуланы қууға ұмтылыпты.

Биолог бұл жағдай киттерде өзгелерден құтқару инстинкті бар дегенді дәлелдейді деп есептейді.

Пікір қалдыру