• Валюта бағамы: USD 365.49 | EUR 420.35 | RUB 5.6 | CNY 52.66 |

Марк Цукерберг 2,9 млрд долларын жоғалтты

0

Әлеуметтік желіде лентаға өзгеріс енгізілетіні айтылғаннан кейін Facebook акциялары арзандады. Осы өзгерістің салдарынан Марк Цукерберг 2,9 млрд долларынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жұма күні Марк Цукерберг жаңалықтар лентасының өзгеретінін хабарлағаннан кейін Facebook компаниясының акциялары 3,9% арзандады. Bloomberg Billionaires Index мәліметінше, осы өзгерістен кейін оның дәулеті 77,3 млрд доллардан 74,4 млрд долларға дейін кеміді.

Аталған өзгеріске сәйкес, бұдан былай Facebook лентасында компаниядан хабарламалар азайып, туысқандар мен достардың жаңалықтары көбірек көрсетілетін болады.

Пікір қалдыру