• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Ресейді риза қылған жөн, АҚШ-тың қысымына түспеген одан да жақсы

0

Жыл сайын Мәскеуде 9 мамырда Ұлы Отан соғысының жеңісіне орай шеру өтеді. Биыл Ұлы жеңіске 70 жыл толады. Сіздерге мәлім, Украинадағы жанжалға байланысты Ресей батыс елдерінің санкциясына ілініп, экономикалық және әлеуметтік жағдайы 1990 жылдардағыдай болмаса да, айтарлықтай нашарлап кетті. Саяси ұпай жинау мақсатында және қарулы күштерінің мықтылығын, дипломатиялық беделділігін арттыру үшін,  биыл 9 мамырда өтетін шеруді жоғары деңгейде жүргізуде Мәскеу барлық күш-жігерін салуда.

1original

Жеңіс шеруі жақындаған сайын, әлем елдерінің көз алдында агрессор атағына ие болған Мәскеу дипломатиялық беделділігіне қатты алаңдауда. 9 мамырда өтетін шеруді пайдаланып, Путин мырза ұлттық құндылықтарының мызғымастығын және әскери күштерінің мықтылығын бүкіл әлемге паш етіп, Қызыл Алаңды ел басшылары кездесетін дипломатиялық аренаға айналдырмақшы. Ресей президентінің әкімшілігінің хабарлауынша, жеңіс шеруіне 25 елдің басшылары келеді.

Мәскеуде өтетін екінші дүниежүзілік соғыстың жеңісін тойлау- тойламауға қатысты әлемде үш  түрлі көзқарас қалыптасты:

1) Қырымды анекциялауға және Украинаға қатысты Ресейдің жүргізіп отырған агрессиялық саясатына байланысты;

2)  Екінші дүниежүзілік соғыста бірқатар Еуропа елдері Германияға жақтас болып, қызыл империяның бодандығынан құтылу үшін әскери, қаржылай қолдау көрсеткен (Австрия, Италия, Польша, Венгрия, Латвия, Эстония, Литва), әрине бұл елдер екінші дүниежүзілік соғысты өздерінің субъективті  көзқарастарымен қарастырады;

3) Германияның жаугершілігінен экономикалық, адами ресурстардан шығынға ұшыраған елдер екінші дүниежүзілік соғысты ұлы соғыс деп қастерлейді;

Украинадағы келеңсіздікке қатысты АҚШ президенті Барак Обама, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон және Германия канцлері Ангела Меркель Мәскеуде өтетін шеруге қатысудан үзілді-кесілді бас тартты. Ресейдің суниттерге қарсы шииттерді қолдауына байланысты, көптеген мұсылман елдері де жеңіс шеруіне қатыспайды.  Бір сөзбен айтқанда, Ресейді жақтайтын мемлекеттің басшылары міндетті түрде шеруге қатысады, ал Мәскеудің жүргізіп жатқан саясатына қарсы елдердің басшылары,  әрине,  келуден бас тартады.  9 мамырда Қызыл Алаңда өтетін шеру әлемде жүргізіп жатқан Мәскеу саясатын қолдайтындар мен қолдамайтындарды анықтайтын жер деп айтсақ та болады. Қазіргі таңда Қызыл Алаңдағы жеңіс шеруіне барамыз деп жатқан кейбір елдердің басшыларына АҚШ қысым көрсетіп жатыр, нақтырақ айтсақ, Чехия президенті Милош Земан, Греция президенті Прокопис Павлопулос, Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе өзіне алакөздік туғызып алды.

Жеңіс мерекесіне бір ай қалғанда, «Мәскеудегі шеруге барсақ па, әлде бармасақ па екен?» деген мәселеге көп елдің басшылары бас қатырып,  дипломатиялық ойынға кірісіп кетті. Баратын болса, біріншіден, Қырымды анексиялаған Ресейдің саясатымен келіскені, екіншіден, Ресейді қолдап АҚШ-тың қарсыласына айналуы мүмкін. Сондықтан ел басшылары Мәскеуге бармас бұрын, жақсылап ойланып алғандары жөн.

Бірқатар батыс және мұсылман елдерінің шеруге келмейтіндігінен алдын ала мәлімет алған Мәскеу өзін психологиялық тұрғыдан қазірден бастап дайындап жатқан жайы бар.

 

Думан Көпбаев,

саясаттанушы

skifnews.kz сайтынан алынды

Пікір қалдыру