• Валюта бағамы: USD 365.49 | EUR 420.35 | RUB 5.6 | CNY 52.66 |

Халық тұңғыш Олим­пиада чемпионымыз деп ер­келе­теді — Ж.Үшкемпіров

0

Олимпиада және әлем чемпионы, спорт ардагері Жақсылық Үшкемпіров «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында мүмкіндіктері бола тұра атақ-мансапқа ұмтылмағанын жеткізді, деп хабарлайды silteme.kz.

– Жақсылық аға, есіктің алдында ентелеп 2018 жыл тұр. Соң­ғы жиырма жыл бойы фермер бола­мын деп малдың соңынан жүгірдіңіз. Айтыңызшы, көңілі­ңіз марқаятындай дәреже биігіне жете алдыңыз ба? Әлде әлі де осы­­лай жүгіре бересіз бе, шарша­май­­сыз ба?

– Әлі де жүгіре беремін. Шар­шамаймын. Айналайын-ау, менің төл мамандығымның өзі зоотехник-инженер емес пе еді?! Бұл да бір спорттың түрі. Динамикалық қозғалыс адамды шаршатпайды.

– Осы жылдар ішінде сіздің Олим­пиада чемпионы, әлем чемпионы деген атақтарыңыздың, беделіңіздің бизнеске қаншама көмегі тиді?

– Бүкіл халық сыйлайды. Рах­­мет. Шүкір. Елбасының өзі тәуел­сіз­діктен кейін туған қанша­ма спорт­шының алдында мені ашық­тан ашық бір бас жоғары қойып келеді. Халық тұңғыш Олим­пиада чемпионымыз деп ер­келе­теді. Осының бәрі қолға алған ісімнің берекет табуына себепші болды.

– Ғылыми атақ алу ойыңызда жоқ па?

– Ғылыми атақтың өзі далада­ғы, қорадағы, жайылымдағы тә­жі­ри­беден туындайтын дүние емес пе? Қазір аса білікті деген бір­неше ғылым докторы менің кеңес­шілерім…

– Халыққа биік мінберден, Пар­­ламент залынан ой тастасам, кеңес берсем деген мансап-ой бол­ған жоқ па?

– Ойбай-ау, менің өзім сол ха­лық­тың арасында жүрген жоқ­пын ба? Күнде біргеміз. Ойы, сө­зі, реніші мен қуанышын бір кісі­дей көріп келемін. Сондықтан да ондай бақыттан қол үзгім жоқ. Ма­ған кезінде ол тұр­ғысында ұсы­ныс түскен, саналы түр­де бас тарттым, себебі шынайы ор­тадан алшақтап қалмасам екен деймін. Екі жақты жұмыс істей алмаймын. Кеше ғана кәсіпкерлер алдында сөз сөйледім, алдыңғы күні Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мың студентпен кездестім, Ұлттық Олимпиада ко­ми­теті еш ұмытпайды, шақыра­ды, жас спортшыларға бата бере­мін, көрдіңіз бе?! Мұның сыртында далада малым тосып тұр… Бәріне уақыт табамын. Астана, Талдықорған, Алматы, Бақанас, міне, менің негізгі мар­шрутым, оның сыртында еліміздің әр бұры­шынан үзбей шақыру аламын…

«Жақсылық Үшкемпіров: 15 жыл күрестім, 20 жыл кәсіпкермін» атты сұхбаттан үзінді

Пікір қалдыру