• Валюта бағамы: USD 365.49 | EUR 420.35 | RUB 5.6 | CNY 52.66 |

ҚР инвестициялар және даму вице-министрі тағайындалды

0

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев ҚР инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне тағайындалды,- деп хабарлайды primeminister.kz.

Қайырбек Өскенбаев 1964 жылы Астана қаласында дүниеге келген. 1986 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1996 жылы — Ақмола аграрлық университетін және 2004 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Заңгер, ұйымдастырушы-экономист және халықаралық қатынастар саласындағы маман ретінде білікті.

Еңбек жолын 1982 жылы бастаған. 1982 – 1993 жылдары ішкі істер органдарында қызмет еткен, Ақмола қалалық әкімшілігінің коммуналдық меншік бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған.

1993 – 1996 жылдары бас кеңесші заңгер, заңды қамсыздандыру және бақылау бөлімінің басшысы, ҚР мемлекеттік мүлік бойынша Ақмола аумақтық комитетінің жекешелендіру жөніндегі бюро директоры ретінде жұмыс істеген.

1996 – 2006 жылдар аралығында ҚР жекешелендіру бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік комитетінің басқарма төрағасының орынбасары, Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Ақмола аумақтық комитетінің төрағасы, Ақмола қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша аумақтық комитет төрағасы, «Астана қаласының коммуналдық меншік қоры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

2006 – 2011 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы жөніндегі комитетінің төрағасы және Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі ретінде жұмыс істеген.

2011 – 2016 жылдары «20015 әскери бөлімшесі» РММ материалдық-техникалық қамсыздандырудың басты басқармасының басшысы, «ҚазМұнайГаз – Сервис» ЖШС бас директорының орынбасары, ҚР аймақтық даму бірінші вице-министрі және ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметтерін атқарған.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры лауазымын атқарды.

«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Пікір қалдыру