• Валюта бағамы: USD 326 | EUR 382.2 | RUB 5.29 | CNY 51.05 |

Қазақстанда мұнайшылар қанша жалақы алады?

0

2017 жылы мұнай саласындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 571,3 мың теңге болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, ұйым жетекшілері орташа көрсеткіштен 2,5 есе көп жалақы алады. Өткен жылы топ-менеджерлердің жалақысы 1,4 млн теңгеден сәл көп болды. Ал арнайы бөлімдердің жетекшілері 936,5 мың теңге көлемінде жалақы алды.

Қатардағы қызметкерлердің жалақысы жоғарыда аталғандардан төмен. Мұнай өндірумен айналысатын қызметкер орташа есеппен – 587,7 мың теңге, геолог – 561,7 мың теңге, инженер-энергетик – 600,3 мың теңге, бұрғылау жұмыстары бойынша инженер – 854,1 мың теңге алды.

2017 жылы мұнай өндіру саласы инженерлерінің орташа жалақысы – 646,6 мың теңге, ұңғыма жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердікі – 440 мың теңге, мұнай-газ құбыры тасымалымен айналысатын инженерлердікі – 187,8 мың теңге, ұңғымаларды бекітумен айналысатын инженерлердікі – 1,8 млн теңге, ал газ объектілерін тасымалдау ісімен айналысатын қызметкерлердікі – 496,7 мың теңге болды.

Пікір қалдыру