• Валюта бағамы: USD 319.42 | EUR 400.04 | RUB 5.66 | CNY 50.35 |

Қытай атынан қысқы олимпиада ойындарына қатысатын тұңғыш қазақ

0

Бұл жолғы олимпиадаға қытай атынан 86 спортшы барады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аршынғазы Шәкенұлы 1995 жылы 18 шілдеде Қытайдың Шин Жияң өлкесі Үрімжі ауданында дүниеге келген.

Бойы — 185 см, Салмағы — 83 кг.

Айналысатын спорт түрі: Конькимен сырғанау. (Speed Skating)

Қатысатын жарыс түрі: 1500 метр (Басталуы: 13 ақпан 20:00)

3000 метрге топтық сырғанау. (Басталуы: 24 ақпан 17:45)

Аршынғазы 2010 жылы Өлкелік Кәсіптік спорт техникасы институтының мұздан сырғанау мамандығына оқуға түседі. Сол жылы Шин Жияң өлкесінің құрамасына қабылданады. 2010-2017 жылдар аралығында қытайдың ішкі біріншіліктеріне сан мәрте қатысқан Аршынғазы талай мәрте жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде 1500 метрден бірнеше рет Қытай чемпионы атанды. 10 000 метрден бір рет ел чемпионы атанды. 3 000 метрге топтық сырғанаудан бір рет ел рекордын жаңартты.

 

 

Пікір қалдыру