• Валюта бағамы: USD 346.68 | EUR 404.02 | RUB 5.47 | CNY 51.15 |

«Канелоға» болысамын, бірақ GGG жеңсе таң қалмаймын — бапкер

0

Белгілі америкалық жаттықтырушы Роберт Гарсия Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы реванш қалай аяқталатыны туралы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Канело» әлі жас, алғашқы жекпе-жектен көп нәрсе үйреніп, сенімді бола бастады. Мен «Канело» жеңеді деп ойлаймын. Бірақ Абель Санчес мықты бапкер. Жақсы жоспар құрып жатыр. Біз күтпеген нәрсені көрсетуі мүмкін. «Канелоға» бәс тіксем де, GGG оны жеңіп кетсе, тіпті нокаутқа түсірсе де таң қалмаймын. Головкин көбірек қысым көрсетуі тиіс, бірақ «Канело» да ширақ. Бұл өте жақсы ойын болмақ. Абельдің не ойлағанын және «Канелоның» алғашқы кездесуден не үйренгенін қатты көргім келеді»,- деді Роберт Гарсия K.O. Artist S-пен әңгімесінде.

Еске сала кетсек, 5 мамырда Головкин мен Альварес арасында екінші жекпе-жек өтеді.

 

Пікір қалдыру