• Валюта бағамы: USD 326.17 | EUR 401.25 | RUB 5.31 | CNY 51.84 |

«Одан да зиян нәрсе бар!»… Ғалымдар ішімдік пен темікіден де қауіптінің не екенін анықтады

0

Ғалымдар ішімдік пен темікіден де қауіптінің не екенін анықтады, деп хабарлайды sn.kz.

Бұған фастфуд, экстремалды спорт, тіпті зиянды тамақ өнімдерініңің де қатысы жоқ.

Жас адамдардың денсаулығы үшін темекі мен ішімдік те, зиянды тағамдар да аса қауіп тудырмайды. Ғалымдардың пайымдауынша, ең қауіптісі — жалғыз өмір сүру, әлеуметтен оқшалану. Адам денсаулығына ең қауіптісі осылар.

Ұзақ уақытқа созылған жалғыздық пен әлеуметтен оқшаулану шылым шегу мен ішімдік ішуге қарағанда анағұрлым теріс әсерін тигізетіні ғалымдардың зерттеу жұмысынан кейін анықталып отыр. Ал бұл жаңалықтан көптеген адамның бейхабар болғаны зерттеу кезінде белгілі болды.

Зерттеумен Квинсленд университетінің мамандары айналысты. Оған АҚШ пен Ұлыбританияның 500 азаматы қатысқан. Ұзақ уақытқа созылған зерттеуден кейін достық қарым-қатынаста өмір сүретін адамдардың ұзақ әрі жақсы өмір сүретіндігін анықталды. Бір немесе одан да көп досы барлар да бақыттырақ, олар да күйзеліске оңайлықпен түсе қоймайды.

Ал, жалғыздық сезімі өлім қаупін күшейтіп қана қоймай, адамның 35 жасқа дейін мына жалғанмен қоштасуына себепкер болады екен. Әлемнің бірқатар елдерінде осы жайтты білетін дәрігерлер өздерінің емделушілеріне дәрі-дәрмек ішіп қана қоймай, дос табу керектігін, спортпен айналысу қажеттігін айтады.

Пікір қалдыру