• Валюта бағамы: USD 356.54 | EUR 419.43 | RUB 5.42 | CNY 51.86 |

Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты

0

Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кеңейтілген отырыс үкімет ғимаратында өтіп жатыр.

Назарбаев отырыстың жоспары мен баяндамалардың кезегі жайлы айтып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа сөз берді.

«Қазақстан соңғы 10 жылда сыртқы әсер мен әлемдік турбуленттiлiктің қысымында болды. Бұл еліміздің тез арада түбегейлі өзгеруі үшін ауыр кезең болды, дегенмен бұған еліміз сіздердің уақтылы қабылдаған шешімдеріңіздің арқасында жетті», — деді Сағынтаев Президентке.

Сондай-ақ, Сағынтаев еліміздің өткен жылдардағы жетістіктерін атап өтті.

Еске сала кетейік, биыл 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні жарияланған болатын.

Пікір қалдыру