• Валюта бағамы: USD 346.68 | EUR 404.02 | RUB 5.47 | CNY 51.15 |

Астанада қыз-келіншектерге еркектің көңілін аулауды үйрететін тағы бір мектеп ашылды

0


Астанада қыз-келіншектерге ерлерді елітіп, тәтті қылық шығару шеберлігін шыңдайтын тағы бір мектеп ашылды, деп хабарлайды stan.kz.

Мұнда тіпті жасы алпысты алқымдаған әйелдер де сезімнің сиқырын үйренуге келеді екен.  Қазақ қыздарының еркекке құрық салуы мен қылық шығаруын шыңдайтын шеберлік сағаттары кімге керек? Кәрі құрлықтан келген үрдіс кәрі қыздардың санын азайта ма?

Ер азаматтың көңілін аулау, өзінің сексуалдық потенцалыңды ашу! Қыз-келіншектерді дәл осындай қасиеттерге үйрететін мектептер жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбейіп келеді.

Мәселен, Астананың өзінде ер азаматты айналдыру, тәтті қылықтарымен еліктіру секілді шеберлік сағаттарына сұраныс жыл санап артуда. Оны орталықтың мамандары да растап отыр.  Айтуынша, оған тек 30-дан асқан нәзік жандар ғана емес, немере бағып отырған ақ жаулықты әжелер де қызығушылық танытуда.

«Бізге көбіне 30-дан асқан қыз-келіншектер келеді. Тіпті 50-57 жастағы жандар бар. Мәселен, біздің гейша орталығына 62-гі әйел келіп жүрді. Ол өзінің өмірін өзгерткісі келді. Мұндай жандарды көргенде қуанамын. Биыл жас қыздар да қатысуда. Олар отбасын құрмай жатып, еркетерді айналдырудың барлық жолдарын үйренеді. Осылайша,қыздар қателіктерге бой бермей, өзінің бақытты ғұмыр кешуіне үлесін қосады» – дейді Гейша мектебінің жетекшісі Айжан Әліқұлова.

Гаяна дәл осындай шеберлік сағаттарының біреуін де жібермеуге тырысады. Себебі, дәл осы тренингтер оның өмірін 180 градусқа өзгертіпті.

Айтуынша, ер азаматтарды өзіне еліктіруді үйренудің ешқандай да ұяты жоқ. Керісінше, өз-өзіңе сенімді болып, екі жас арасындағы махаббат пен сезім берік әрі мәңгі болады.

Ал, Айжан Әлімқұлованың ойынша, қазақ қыздары еркекпен тілдесіп, ішкі жан дүниесін баурап алудың жолдарын жетік білмейді. Сол себепті, тұрмысқа шыққан соң түрлі қиындықтарға тап болады.  Ал орталық мамандары ер кісілердің көңілін баурауды ғана емес, оны сындырудың түрлі айла -тәсілдерін меңгертеді.

«Қазір мектептер көп. Ал біздің гейша орталығының негізігі мақсаты, жігіттерді айналдырудың түрлі әдістерін үйрету. Алайда, оның өзін дұрыс қолдану қажет. Әйтпесе, ер азамат ол қылықтарыңызды түсінбей, Сізден қашып кетуі мүмкін» дейді Гейша мектебінің жетекшісі Айжан Әліқұлова.

Ал Роза Шаймарданқызы жолдасымен отасқанына 50 жылдан асқан. Бақытты әже, өмірлік жарын ешқандай айла-тәсілдерсіз-ақ баурап алғанын айтады. Ақыл, парасаттылық пен нәзіктік – қазақ қызының басты қаруы. Сондықтан, мұндай тәлім тәрбиесі бар қаракөздерге шетелге еліктеудің де түк қажеті жоқ. Ал, орталықтардың көздегені тек ақша. Олар өз өзін жоғалтып алған әйелдердің қалтасын қағып қана қоймай, санасын улауда. Ал оның соңы жақсылыққа алып келмейді, дейді.

«Ол да шетелден келген, Европадан келген. Ақша табудың көзі болғанда, тіпті көзі. Ол жерде қандай тәрбие? Аш жалаңаш!Қалай болса солай, өз бетімен ұстайды өзін. Еркекті айлакерлік жасап, алдап, арбап. Ол дұрыс дүние емес!!!» – дейді қала тұрғыны Роза Шаймарданқызы.

Дегенмен, психолог мамандардың бұған деген пікірі бөлек. Себебі, орталықтар қыз-келіншектердің өмірін өзгертіп қана қоймай, өзіне сенімді болып, сүйікті жарымен баянды ғұмыр кешуіне септігін тигізеді дейді.

Пікір қалдыру