• Валюта бағамы: USD 360.87 | EUR 410.27 | RUB 5.4 | CNY 52.31 |

Қазақстанда 2 млн адам аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істейді

0

Қазақстандықтар өздерінің 23,5% (1,9 млн адам) аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істейтінін айтты. Сонымен бірге, респонденттердің 69,3% бұл жұмыс берушінің талабы екенін көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz.

 Тағы 19,2% адам саналы түрде табыс табу үшін келісетінін, ал 7,4% өндірістік қажеттілікке байланысты екенін мойындады.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша ел экономикасының әртүрлі саласында 8,6 млн адам жұмыспен қамтылған (халықтың 66,4%-ы 15 жастан асқандар).

Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі ерлер 52% (4,5 млн адам), қалған 48% (4,1 млн адам) – әйелдер. 6,4 млн адам – (қызметкерлердің жалпы санының 74,6%) жалдамалы жұмысшы және өз бетінше жұмыспен айналысатындар – 2,2 млн адам (25,4%).

Жұмыспен қамтылғандардың 10,7% қолайсыз немесе қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтінін атап өтті (2016 жылы 12,6%), олардың 10,8%-ы қолайсыз температуралық жағдайларда еңбек етеді. Ал, 9,3% қауіпті механизмдермен, 21,9% адам көшеде жұмыс істейді. Сондай-ақ, 26,5%-ының ауыр физикалық жұмыспен айналысатыны белгілі болды.

Сонымен қатар, жұмыс істейтін әйелдердің жалпы санының 18% өз жұмысын үй шаруашылығымен қоса алып жүру қиын екенін айтты.

 

Пікір қалдыру