• Валюта бағамы: USD 366.43 | EUR 420.11 | RUB 5.58 | CNY 52.87 |

Елбасы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

0

Мемлекет басшысы Ирандағы жолаушылар ұшағы апатының салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz.

    «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін», – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетсек, Иранда Aseman Airlines әуекомпаниясының ATR 72-500 ұшағы құлады.

Аталған ұшақтың ішінде 66 адам отырған. Бұл туралы 18 ақпан күні Tasnim басылымы хабарлады.

Лайнер Тегераннан Иранның оңтүстік-батысында орналасқан Ясудж қаласына ұшып бара жатқан болатын.

Ұшақ құлаған жерде қатты тұман болып тұрғандықтан, тікұшақтар тиісті шараларды бірден толық жүзеге асыра алмады.

 

Пікір қалдыру