• Валюта бағамы: USD 356.54 | EUR 419.43 | RUB 5.42 | CNY 51.86 |

Дағыстанда шіркеуге келген әйелдерді қырып салған лаңкестің салафит екені белгілі болды

0

Дағыстандағы Кизляр қаласында 22 жастағы Халил Халилов Прощеное Воскресенье күнінде православ ғибадатхана келушілерге оқ жаудырып, салдарынан бес әйел қаза тапты деп жазады sn.kz.

Төрт адам ауруханаға жатқызылған: екі әйел және Ресей гвардиясының екі жауынгері. Әйелдердің хәлі өте ауыр, ал полицейлер орташа деңгейде жарақат алған, травматология бөлімінде жатыр, деп жазады РИА Новости.

Reuters агенттігінің мәліметінше, «Ислам мемлекеті» (Қазақстан, Ресей және т.б. елдерде тыйым салынған) террорлық ұйымы жаппай қырғын үшін жауапкершілікті мойынына алды.

Шіркеуге келушілерге оқ атқан жігітті Ресей гвардиясы қызметкерлері оқиға орнында атып өлтірген.

«Аңшы мылтығын ұстаған ер адам ғибадатханаға кірмек болғанда, оны көрген адамдар атыс шығаратынын түсініп, есікті жауып алды. Сол кезде ол сыртта қалған әйелдерді ата бастады», — дейді оқиға куәгерлерінің бірі.

Бүгін Дағыстанның мүфтияты лаңкестің салафилік-уахабилік ағым ұстанушысы екенін ресми мәлімдеді.

Пікір қалдыру