• Валюта бағамы: USD 370.55 | EUR 421.76 | RUB 5.57 | CNY 53.68 |

Астанада дәрігерлердің немқұрайлығынан жүкті әйел қайтыс болды

0

Астанада жүкті әйелдің анасы қызының қайтыс болуына байланысты перинаталдық орталықтан моральдық және материалдық шығынды өтеп алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Соттағылардың мәліметінше, жүкті әйел 3 ай бойы дәрігерлерден денсаулығының нашар болуына байланысты жүктілікті тоқтатуды сұраған.

Алайда дәрігерлердің немқұрайлығынан және функционалдық міндеттеріне деген немқұрайлы қарым-қатынасының салдарынан науқас әйел көз жұмған.

Соттың үкімімен анасына моральдық залал келтірілгені үшін 2 миллион теңге көлемінде, ал материалдық залал үшін 4, 5 миллион теңгеден аса ақша өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Пікір қалдыру