• Валюта бағамы: USD 341.18 | EUR 392.97 | RUB 5.34 | CNY 52.5 |

Ғалымдар аса қатерлі ісіктің себебін анықтады

0

Аризона штаты университетінің ғалымдары өңештегі қатерлі ісіктің созылмалы әрі қиын емделетін түрін қалыптастыратын механизмді тапты. Зерттеушілердің мәліметінше, қатерлі жасушалар мутациялардың неғұрлым қарқынды жинақталуы нәтижесінде Барретт синдромына шалдыққан өңештің патологиялық тінінен дамиды, деп хабарлайды Baq.kz.

Барретт синдромымен өңештің көп қабатты эпителиі цилиндрлі бола бастайды.

Америка Құрама Штаттарында шамамен үш миллион адам осы аурудан зардап шегеді және аденокарцинома жыл сайын науқастардың 0,2 пайызында дамиды.

Сонымен қатар, онкологиялық аурудың осы түріне шалдыққан науқастардың 15 пайызынан азы бес жыл өмір сүреді. Жасушалардың қатерлі тінге қандай механизм арқылы әсер ететіні белгісіз.

Биологтар цилиндрлік эпителий жасушалары геномының тұрақсыз екенін анықтады.

Патологиялық тіндердің жасушаларында генетикалық әртүрлілікті тудыратын мутация жинақталады. Сонымен қатар, ДНҚ ақауларының пайда болу жиілігі ісігі дамып келе жатқан науқастарда жоғары болады.

 

 

Пікір қалдыру