• Валюта бағамы: USD 356.54 | EUR 419.43 | RUB 5.42 | CNY 51.86 |

«Qazaqstan» Ұлттық арнасы үздік күй орындаушыларына байқау жариялады

0

«Qazaqstan» Ұлттық арнасы үздік күй орындаушыларына байқау жариялады, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Аталмыш шара Наурыз мерекесіне арнайы ұйымдастырылған. Байқауды ұйымдастырушылар күй орындау өнері бойынша еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарынды жастарды анықтап, олардың шығармашылық қасиеттерін шыңдамақ.

Байқау 1-20 наурыз аралығында өтеді. Оған домбырада ойнай алатын кез келген адам немесе топ қатыса алады.

Байқауға қатысуға ниет білдірген азаматтар өздерінің орындаған күйлерін бейнетаспаға түсіріп, оны 2016 жылдың 20-наурызына дейін nauryz@kaztrk.kz электронды мекенжайына жіберулері керек.

Байқау материалдарында қатысушының аты-жөні, туған күні мен байланыс телефоны, өзі тұрып жатқан қаланың атауы мен электронды адресі толық болуы керек.

Байқаудың әділқазылар алқасының мүшелері үздік орындаушыны 20-21 наурыз аралығында анықтайды.

Байқаудың жеңімпаздары арнайы тағайындалған құнды сыйлықтармен марапатталып, «Қазақстан» телеарнасынан көріну мүмкіндігіне ие болады.

Пікір қалдыру