• Валюта бағамы: USD 356.54 | EUR 419.43 | RUB 5.42 | CNY 51.86 |

Ұзынағашта 120-дан астам жеке ауланы су басты

0

Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылындағы 122 жеке ауланы еріген қар суы басып алды. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.

«122 аула учаскесін су басқан. Аулаларда аудан әкімі Жандарбек Далабаев басқарған комиссия жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, №28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен ауыл тұрғындары да жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта айналма каналдар жасау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр», — деді аудандық төтенше жағдайдар бөлімінің бас маманы Әйбек Жанаев.

 

 

Пікір қалдыру