• Валюта бағамы: USD 341.18 | EUR 392.97 | RUB 5.34 | CNY 52.5 |

Тимур Құлыбаев мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын өсіруді ұсынды

0

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын өсіруді ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Біз жүргізген сараптамадан кейін мемлекеттік аппараттағы адамдардың саны 1 100-ге қысқарды. Осыған орай, біз бизнес қауымдастық ретінде осы қаржының барлығын мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге жұмсауды ұсынамыз», — деді Тимур Құлыбаев жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өткен кәсіпкерлердің екінші республикалық форумы барысында.

Құлыбаевтың айутынша, бұл мәселе мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігі үшін қажет. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметке кәсіпқой мамандарды тарту үшін де қызметкерлерге осындай жалақы ұсыну керектігін айтты.

«Біз бизнес қауымдастық ретінде осыған дайынбыз. Себебі біз салық төлеп жатырмыз, оның мемлекеттік қызметкерлерге де қатысы бар. Біз кішігірім ғана және кәсіпқой аппараттың болғанын қалаймыз», — деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы.

Пікір қалдыру