• Валюта бағамы: USD 370.55 | EUR 421.76 | RUB 5.57 | CNY 53.68 |

«БАСТАМАНЫҢ ӘРҚАЙСЫСЫ МИЛЛИОНДАҒАН АДАМНЫҢ МҮДДЕСІМЕН ҮНДЕС»

0
«Qazaqstan» теларнасының басшысы Ерлан Қарин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі 5 әлеуметтік бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның атап өтуінше, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев жаңа күн тәртібін белгіледі және оны Парламенттің бірлескен отырысы қарсаңындағы қауесеттерді жоққа шығарып жұрт күткен жайттан мүлдем бөлек өзіндік стильде жүзеге асырды.
«Президент сөзінің басты адресаты шенеуніктер емес, ең бірінші кезекте қарапайым азаматтар болды. Сондықтан да бүгінгі президенттік 5 әлеуметтік бастама өзінің пішіні, сонымен қатар өзінің мазмұны жағынан да іс жүзінде кезекті Жолдау. Егер қаңтарда Президент экономикалық күнтәртібін қалыптастырса, ал бүгін Мемлекет басшысы әлеуметтік блогты жүйелі жаңарту бойынша байытылған бағдарлама ұсынды. Бұл қарапайым ғана тактикалық бастама емес, байыпты әрі  ауқымды бағдарлама. Бес бастаманың әрқайсысы бірнеше миллиондаған адамның мүддесіне қатысты. Жиынтығында кемінде халықтың жартысы президенттік әлеуметтік бағдарламамен қамтылатын болады. Сондықтан да Президенті тікелей эфирде және Парламенттің бірлескен отырысы алаңында сөз сөйледі», — деді Ерлан Қарин.
Оның айтуынша, геосаясаттың әрбір бағытында Презтдент басты шамшырақты белгілеп берді. Бұл идеологиялық блогта «Рухани жаңғыру» болса, экономикада — цифрландыру бағдарламасы. Ал саяси блог өткен жылы конституциялық реформалар арқылы анықталған болатын.
«Енді міне Мемлекет басшысы әлеуметтік блок үшін жаңа көкжиекті анықтады», — деді ол.

Пікір қалдыру