• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

«Шабдалы» көркем фильмі Тараз жұртшылығының ерекше ықыласына бөленді.

0

Табысты заңгер болуды армандаған Астаналық жоғарғы оқу орнының түлегі  анасына ескертпей, оңтүстік азаматына тұрмысқа шығып кетеді. Қызының жоғары мансапқа жетеріне, жоғарғы қызметтте істейтініне үмітті анасы бұл әрекетін құптамайды. Әйел қолынан келгенін барлығын жасап, қызын үйге қайтарудың амалын жасайды. «Асыл арна» телеарнасының төл туындысы «Шабдалы» толық метражды көркем фильмі биылғы ХIV  «Евразия» кинофестивалінің аясында 5 шілде күні көрерменге жол тартқан.  Фильмнің түсіріліміне  белгілі жырау Алмас Алматов айтқан әңгіменің желісі арқау болған. Идея авторы– Мұхамеджан Тазабек. Режиссері –Жандос Құсайынов. Түсірілім Жетісайда басталып, Шымкент, Түркістан, Астана қалаларында жалғасқан. Ұлттық тәрбие бен қазақи құндылықтарымызды дәріптеп, ел ішінде ауызбіршілікті нығайтуды мақсат еткен фильм көрермен ықыласына бірден бөленді. Фильмге қызыға келген көрермен   орынның жоқтығынан, келушілердің  көптігінен  тұрып көруге мәжбүр болды.

 

 

Пікір қалдыру