• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Жолға бөлінген 68 млн-ды жымқырған кім?

0

Тоғыз жолдың торабына айналған Шу ауданы өз атына лайық болмай тұр. Шуға тиесілі 878 мың шақырымды құрайтын автомобиль жолдары жыл сайын жөндеуден біртіндеп өткенімен, сапасы сын көтермей жергілікті халықты да, жолаушыларды да шаршатқан. Жөнсіз жолды жөндемек түгілі, жүдедіп кеткендер кімдер?   Шуға тиесілі Аудандық мәндегі жол 147,8 шақырымды құрайды. Ия, мәселенің көбі осы бір тұста болып тұр. 2018 жылы 5,5 миллиард қарастырылып оны -«РСУ-1» және«Меркі жолдары»   мердігер компаниялары ұтып алған болатын. Қараусыз жатқан жолға көңіл бөлінді деп қуанған халықтың қуанышы ұзаққа созылмады. 68 миллион бөлінгенімен, салынып жатқан жол қаржының дұрыс игерілмегенін көрсетті. Мұндай бассыздықты бей – жай қалдырмаған жергілікті қоғамдық кеңес мүшелері мен аудандық мәслихатының депутаттары тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Малик Мамедгасанов. Жаңа жол ауылының тұрғыны/ Жаңа жол мен Белбасардың арасында екі жыл болды жол жоқ.Біздің жүруіміз мүлде қиындап кетті. Дөңгелектер желініп, шетінен жарылуда. Мүлдем жол жоқ десем болады. Биыл Құдайға шүкір жолды жөндеуді бастады.Бірақ, жолдың сапасы сын көтермейді.

Пікір қалдыру