• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

КӘСІПОРЫНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АРТТЫ

0

Алдағы бес жылда Түркістан облысында жылыжай көлемін 1 млн 655 гектарға жеткізу көзделген. Ол үшін өңірдегі шаруашылықтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің  ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА сапары барысында белгілі болды. Министр аймақтың агросаладағы әлеуетін бағамдап, бірқатар нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты.Каз Киоти» — дала техникасын Оңтүстік Корея үлгісімен құрастырып, сататын… облыстағы бірден бір кәсіпорын. Қазір жылына 6 мың трактор құрастырады. Сапасы жоғары, сервистік қызметі арзан өнімге  сұраныс жоғары. Зауыт жұмысымен танысқан министр бизнес өкіліне мемлекет тарапынан көмек берілетінін айтып, қуантты. Түркістан облысы республикада… жылыжай салудан көш бастайды. Өңірде 1 325 гектар жер… жаңа технологиямен жабдықталған.  Шаруалар мемлекет қолдауы арқасында қомақты табыс тауып отыр. 2025 жылға қарай жылыжай көлемін 1 655 гектарға жеткізу жоспарлануда. Кәсіпорын былтыр рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. 3 370 тонна томат концентратын өндірді. Биылғы меже де ауқымды. 2700-2800 тоннаға дейін өнім алып, отандық тамақ өнеркәсібіне серпін беруді көздейді. Агросала алғырларының негізгі жоспарлары Түркістан қаласында… арнайы семинар-кеңесте айтылды. Министр ауыл шаруашылығын әрмен дамыту, ілкімді инвестициялық жобаларды жүйелі іске асыру мәселелерін… кәсіпкерлермен бірге талдады.

Пікір қалдыру